«Ұлттық қор – балаларға»: 6,7 млн бала жинақталған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады

«Ұлттық қор – балаларға»: 6,7 млн бала жинақталған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президентінің жолдауларын орындау аясында экономикада, мемлекеттік секторда және әлеуметтік салада бірқатар маңызды шаралардың іске асырылуы туралы айтты.

AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында сөйлеген сөзінде ол Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту мақсатында трансферттерді алып қоюды және бюджет шығыстарының ұлғаюын шектеу жөніндегі жаңа қағидалар енгізілгенін атап өтті.

«Бұл, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» бастамасының енгізілуіне байланысты аса өзекті болып отыр. Бұл жоба жинақталған қаржыны 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға, не тұрғын үй сатып алуға пайдалана алатын 6,7 млн баланы қамтиды», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, соңғы 4 жылда бюджет шығыстарын оңтайландыру есебінен 4,7 трлн теңге басқа басым міндеттерге бағытталды. Осы кезеңде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту мен цифрландыру есебінен республикалық бюджетке қосымша 2 трлн теңгеден астам қаржы түсті. 

Премьер-Министр биыл жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң іске қосылғанын еске салды.

«Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам азамат соттан тыс банкроттық рәсімін пайдаланды. Бұл олардың қарыз жүктемесін және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік берді», — деді ол.

Үкімет басшысы Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында тиісті заң қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі бойынша 16 компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі, 7 ғимарат 160 темір жолдары мен нысан, сондай-ақ ақшалай қаражат мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«Жалпы, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар соңғы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесін 27%-дан 19%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру мақсатында 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатқанын айтты.

Инвестициялық келісімшарт щеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатылады, заттай гранттардан алады. 

Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекттік қолдау шараларының кез келгенін ұсына отырып, жеке шарттармен Инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. 

Сондай-ақ Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді.

Мұнай-газ саласына қосымша инвестициялар тарту мақсатында 2023 жылдан бастап Жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.

Бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға релокациялау бойынша жұмыс шеңберінде бүгінде 35 ірі шетелдік компания елімізге көшіп келді. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі пысықталуда. 

«Қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылы тікелей шетелдік инвестиялардың көлемі $28 млрд-ты құрады. Бұл 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып табылады. Жалпы былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,1 трлн теңгені құрады», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр пандемия мен күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында ел экономикасы сенімді өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсмі 4,8%-ды құрады. Барлық негізгі салаларда оң динамика байқалады.

Биыл Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда $13,3 мың-ға дейін өсті. Еліміздің халықаралық резервтері бүгінде $95 млрд-ты құрайды.

«Мемлекет басшысының алдыңғы жолдауларда берген тапсырмалары жалпы орындалды деп айтуға болады. Жүйелі және ұзақ мерзімді тапсырмаларды іске асыру жалғасуда. Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Үкімет Парламентпен бірлесіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жұмысын жалғастырады», — деп қорытындылады сөзін Әлихан Смайылов.

https://primeminister.kz/kz/news/ulttyk-kor-balalarga-67-mln-bala-zhinaktalgan-karazhatty-bilim-aluga-nemese-turgyn-uy-satyp-aluga-paydalana-alady-25325

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

273 пікір

  1. аватар
    Shelby 23 апреля 2026 14:12

    Контент для взрослых можно транслировать на надежных платформах
    для обеспечения конфиденциальности.
    Откройте для себя безопасные веб-сайты для качественного просмотра.


    Feel free to surf to my web page; BUY XANAX WITHOUT PRESCRITION

  2. аватар
    Xiomara 27 апреля 2026 20:01

    SEO SHOP

    We invite you to take advantage of our offer of SEO Links from Comments Blogs
    Shop
    , which stands out from the competition in particular in the quality of services
    performed in relation to costs incurred. We assure you that our positioning links
    will contribute to the increase in visibilities of your website in search results and help you achieve higher
    positions. Take advantage of our offer today and increase your presence on the network!


    Popular products in the SEOShop.XMC.PL

    Get quality backlinks from English
    blogs
    - Order a blasting service.

    Buy comments on German blogs - Order a blasting service
    Buy comments on Polish blogs - Order SEO
    Links.
    Wikipedia link acquisition - Order linking service from articles.

    Guaranteed
    SEO link buying comments
    - Order NOW!.

    Effective SEO links purchasing service

    ------------------------------------------------------------

  3. аватар
    Consuelo 1 мая 2026 08:39

    hello there and thank you for your info – I have certainly picked up something new from right here.
    I did however expertise some technical issues
    using this site, as I experienced to reload the site a lot of times previous to
    I could get it to load properly. I had been wondering if your hosting is OK?
    Not that I'm complaining, but slow loading instances times will often affect your placement in google and could damage your high quality score if ads and marketing with Adwords.

    Anyway I'm adding this RSS to my email and can look out for much more of your respective exciting content.
    Make sure you update this again soon.

    Have a look at my wweb blog; Seo Backlinks

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.