«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығының алаңында департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиеваның, арнайы мониторингтік топтың төрағасы Шавкат Исмаиловтың және департамент жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Ербол Іргебайдың қатысуымен брифинг өтті.

Жазира Жылқышиева жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне негіз болатын тәуекелдерге жедел ден қоюға бағытталғанын атап өтті .

Спикер өз сөзінің басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының 1424 қызметі туралы ақпарат беріп, ағымдағы жылдың басынан бастап келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат берді .

Мәселен, бүгінде елордамыздың № 68 мектебінде ақша қаражатын заңсыз жинау туралы ақпарат келіп түсті. Дерек көзінің мәліметтері бойынша , ата-аналар комитеті 8 наурызға мұғалімдерге сыйлықтар мен қуыршақ театрына билеттерге ақшалай қаражат жинаумен айналысқан.

Осы ақпарат бойынша білім басқармасымен бірлескен жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығымен әрекет ету шаралары қабылданды. Алымдар тоқтатылды.

Алдағы мерекелер қарсаңында мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қандай да бір материалдық құндылықтарды сыйға тартуға жол бермеуді еске салғым келеді, – деді Жазира Жылқышиева.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада көзделген шараларға сәйкес лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК (5 302 теңге) аз сыйлық сыйлағаны үшін 200 АЕК (530 мың 200 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, Мемлекеттік қызметкерлермен алынған сыйлық үшін- 600 АЕК (1 млн 590 мың 600 теңге).

Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады .

Мемлекеттік қызметшінің білуінсіз келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімінде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсырылуы тиіс .

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, көтермелеу сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін құқық бұзушылық санатына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарға белгіленеді.

Ақшалай сыйақыдан бас тартқан кезде грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу белгіленуі мүмкін.

Елордамызда өткен жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 2 азамат 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды, төлемнің жалпы сомасы 353 500 теңгені құрады .

Ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де тәсілмен жәрдем көрсететін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Осылайша, азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді. Егер пара сомасы 1000 АЕК– ке дейін (2 млн 651 мың теңгеге дейін) құраса, көтермелеу бұрын қолданылып жүрген тәртіп бойынша қылмыс санатына байланысты есептеледі (әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ауыр емес қылмыс – 40 АЕК, орташа ауыр қылмыс – 50 АЕК, ауыр қылмыс – 70 АЕК, аса ауыр қылмыс -100 АЕК).

Егер пара немесе залал сомасы 1000 АЕК-тен жоғары болса, көтермелеу осы соманың 10%- ын құрайды , бірақ 4000 АЕК-тен артық емес (10,6 млн. тг.)

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Нұр-сұлтан қ. бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне немесе бірыңғай Call-орталығына 1424, WhatsApp-нөмірі +7 775 160 5532 хабарлай алады.

Басшылықтың жеке қабылдауына Тоқпанов көшесі, 45 мекенжайы бойынша жазылуға болады. Байланыс телефоны: 72-66-42.

Спикердің айтуынша, департаментпен халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде .

2 айдың қорытындысы бойынша департамент басшылығы мен қызметкерлері 25 мың адамды қамти отырып, 175-ден астам еңбек ұжымдарында, оқу орындарында кездесу өткізді.

Әр сенбі күні «ADAL KOMEK» жобасы аясында сағат 10-00-ден 13-00-ге «ANTICOR ORTALYGY»- да  елорда тұрғындарына мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі адвокаттар, заңгерлер тегін заң кеңестерін көрсетеді. 

Департамент жанындағы арнайы мониторинг тобының төрағасы Шавкат Исмаилов халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мемлекеттік қызмет көрсету барысына мониторинг жүргізуде, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке гигиена құралдарын сатып алуға бөлінетін бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды .

Мониторинг барысында елорда аумағында 4 мыңнан астам адам гигиена құралдарын тегін мемлекеттік қызметті алушылар екені  анықталды. Алайда, жеткізушілердің көрсетілген тауарларды сапасыз жеткізуіне байланысты 73 қызмет алушы жыл бойы өз құқықтарын іске асыра алмауда.

Бұдан басқа, осы өнімді жеткізуге конкурс осы жылға дейін өткізілмеген. Сауалнама нәтижесінде қызмет алушылар әлеуметтік қорғау органдары ұсынатын тауарлардың сапасына да наразылығын білдірді.

Арнайы мониторингтік топ алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өткізеді-деп атап өтті Шавкат Исмаилов.

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасы бойынша қаңтар айында АМТ мүшелері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мониторингіне қатысты. Өткізілген жұмыста негізгі тірек тестілеуді дайындау және өткізу бойынша оқу орындарының қызметін бақылауға алынды. Айта кетерлігі, бұл тәжірибе жалғастырылатын болады және ағымдағы жылдың наурыз айында АМТ өкілдері қайта мониторинг жүргізетін болады. Осыған байланысты, спикер мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын ҰБТ өткізу кезінде оқу орындарының ғимараттарына ұялы телефондар мен шпаргалкаларды алып өту фактілеріне жол бермеуге шақырды.

Жақында Хорватия Президенті Колинда Грабар-Киторович атап өткендей, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қалыпқа келтіру балалық шақтан басталады – мысалы, мектептегі бақылаушыларды есептен шығару, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру отбасында да, мектепте де бала кезінен басталады – деп атап өтті Шавкат Исмаилов.

Жақында АМТ өкілдерімен студенттерді заңсыз қызметке тартумен байланысты ықтимал тәуекелдер анықталды. Сонымен, әлеуметтік желілерде және қала көшелерінде промоутерлермен жұмыс істеу үшін күнделікті ақшалай сыйақымен 5 мың теңгеден бастап жұмыс істеуге ұсыныс жасалған хабарландырулар орналастырылған. Хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірлері бойынша жастарға «резеңке пәтерлерде» адамдарды тіркеуді ұсынады. Спикер азаматтардың заңсыз тіркелуі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, АМТ Департаментпен бірлесіп «жұмыс берушілерді» жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта АМТ мүшелері мектептегі тамақтануды жеткізушілерді іріктеу рәсімдеріне қатысады.

Байқау әлі де қағаз түрінде өткізіліп жатқанын атап өту қажет, тиісінше сыбайлас жемқорлық қатерлері жоғары. Осындай маңызды мәселелерге қоғамның қатысуы мемлекеттік органдарға деген сенімнің нығаюына ықпал етеді деп үміттенеміз.

Департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ербол Іргебай «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында Білім саласындағы бастамалар туралы айтып берді .

Жобалық кеңсенің ұсынысы бойынша елорданың барлық мектептерінде адалдық дүкендерін ашу бойынша бастама жүзеге асырылуда.

Мәселен, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектебінің алаңында «адалдық дүкені», «Еңбек бәрін жеңбек» ағашы,  «демалыс аймағы» орналасқан.

Дүкенде сатушысыз қызмет етеді, дүкеннің жұмыс істеу принципі – өзіне-өзі қызмет көрсету . Мұнда қаламдар, блокноттар, күнтізбелер, үйірмелер, футболкалар, оқушылардың қолымен жасалған телефондарға арналған қаптар сатып алуға болады . Барлық бұйымдарда мектептің атауы мен логотипі бар . Сонымен қатар оқушылар үшін үзіліс және сабақтан тыс уақытта демалыс аймағы ұйымдастырылған. Бұл аймақ құстардың суреттерімен безендірілген. Құстар махаббат пен сенімділікті, тазалық пен тұтастықты, мейірімділік пен батылдықты, бейбітшілік пен тыныштықты, ерік пен еркіндікті, еңбекқорлықты бейнелейді .

 «Еңбек бәрін жеңбек» ағашы оқушыларға жақсы нәтижелерге жетудің негізі адал еңбек екенін көрсетеді .

Жобаны енгізу оқушылардың адалдығын тәрбиелеуге және дамытуға ықпал етеді, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс адалдық пен парасаттылық қағидаларын алға жылжытуға түрткі болады деп үміттенеміз,– деп атап өтті Ербол Іргебай.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.