Балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтары электрондық лицензиялауға көшеді

Балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтары электрондық лицензиялауға көшеді

Қазақстанда балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтарын лицензиялауға арналған қызмет іске қосылды. Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді elicense.kz порталы арқылы толықтай онлайн форматта тапсыра алады, мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.

Электрондық формат рұқсат құжаттарын алу тәртібін жеңілдетеді, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығындарын азайтады, сондай-ақ үдерістің ашықтығын арттырады.

2026 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтарының қызметіне қатысты міндетті лицензиялау талаптарын белгіледі. Жаңа тәртіп бұрын қолданылған хабарлама режимінің орнына енгізілді. Осыған байланысты заңнамада қолданылатын терминдер нақтыланды: қолданыстағы нормаларға сәйкес «балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталығы» атауымен ауыстырылды. Бұл өзгеріс мұндай ұйымдардың қызметі тек сауықтырумен шектелмей, білім беру бағытын да қамтитынын көрсетеді. 

Қызметті пайдалану үшін:

  • kz порталында авторизациядан өтіп, басты беттен «Білім» бөлімін таңдау;
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметі» қызметін таңдау;
  • «Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері» түрін белгілеп, «Келесі» батырмасын басу;
  • қажетті мәліметтерді толтырып, төлем жасап, өтінімді қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау.

Лицензия 5 жылға беріледі, өтінім 30 жұмыс күні ішінде қаралады.

Жаңашылдық жыл бойы жұмыс істейтін және маусымдық орталықтардың барлығына қатысты. Ол кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметін көрсететін мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарды қамтиды.

Лицензиялық талаптар медициналық қызметтің болуын, қауіпсіздік жүйелерін, бекітілген білім беру және сауықтыру бағдарламаларын, санитарлық нормалардың сақталуын, балалардың тұруына қолайлы жағдай мен қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді көздейді. 

Электрондық қызметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.