«Касперский зертханасы» 2026 жылғы контейнерлік әзірлеу саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) өзекті тәуекелдерін атады

«Касперский зертханасы» 2026 жылғы контейнерлік әзірлеу саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) өзекті тәуекелдерін атады

«Касперский зертханасы» ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан контейнерлік әзірлеудің қазіргі трендтерін талдап, жаңа технологиялардың қандай қауіп-қатерлер тудыратынын және компаниялар олардан қалай қорғана алатынын қарастырды. 

Жұмыс үдерісіне ЖИ-агенттердің терең интеграциясы. ЖИ-агенттер әзірлеушінің күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналып келеді. Негізгі қауіп — корпоративтік деректердің құпия ақпаратқа қолжетімділік арқылы сыртқа таралуы. Сондай-ақ кеңейтілген құқықтар да қауіпті: агент пайдаланушы атынан әрекет ете алады — терминалмен немесе Kubernetes-кластермен жұмыс істейді, ал команданы қате түсіндіру ресурстардың жойылуына немесе қорғаныстың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Тағы бір қауіп — агент пен модель арасындағы байланыс арнасы, ол әлсіз қорғалған жағдайда бұзылып, деректер ұрлануы мүмкін. ЖИ неғұрлым терең енгізілсе, соғұрлым байланыс арналарын қорғау және сервистерді периметр ішінде орналастыру маңызды болады. Тәуекелдерді азайту жолы: ЖИ-агенттердің әрекеттерін шектеу, құқықтарды бөлу, аудит енгізу және маңызды операцияларды растау. «Нөлдік сенім» (Zero Trust) және минималды рұқсат қағидаларын қолдану, дерек көздерін бақылау қажет. 

Әзірлеуге арналған ЖИ-модельдердің эволюциясы мен мамандануы. Модельдер тек кодпен ғана емес, контейнерлік архитектурамен толық жұмыс істей бастады. Алайда контекст кеңейгенімен «көрмей қалу» әсері сақталады: жүйенің бір бөлігін түзету екіншісіне зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ қауіпсіз емес конфигурацияларды жасау және деректерді ауыстыру арқылы шабуыл жасау қаупі бар. Тәуекелдерді азайту жолы: жобаның ішкі архитектурасын дұрыс құру. Құрылым неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, ЖИ компоненттер арасындағы байланысты соғұрлым жақсы түсінеді. 

ЖИ көмегімен кодты талдау және ревьюді автоматтандыру. Жасанды интеллект Kubernetes-манифесттерін, Terraform конфигурацияларын, Helm-чарттарын және код өзгерістерін тексеруде кеңінен қолданылып жатыр. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан өте тиімді сценарий. Алайда толық сеніп тапсыруға болмайды: ЖИ қайталанатын үлгілерді жақсы өңдегенімен, бизнес-контекстті және нақты тәуекелдерді ескермей қалуы мүмкін. Сонымен қатар ревью құралының өзі де деректердің ағып кету нүктесіне айналуы ықтимал.

Тәуекелдерді азайту жолы: құралдарды ішкі шаблондар мен саясаттарға үйрету, ал маңызды өзгерістер бойынша соңғы шешімді адам қабылдауы керек. 

Internal Developer Platform (IDP) дамуы. IDP бүкіл инфрақұрылымға (Kubernetes, CI/CD, шаблондар, GitOps, қауіпсіздік саясаттары) бірыңғай қолжетімділік платформасына айналуда. Бұл әзірлеуді жылдамдатқанымен, бір нүктелі осалдық қаупін тудырады: конфигурация қателері көптеген сервистерге әсер етуі мүмкін. Тәуекелдерді азайту жолы: IDP құрамына бақылау және қауіпсіздік механизмдерін енгізу. 

Cloud-native және Kubernetes ортаға арналған мамандандырылған құралдар. Контейнерлік әзірлеу Kubernetes-пен жұмыс істеуге арналған арнайы құралдарды талап етеді. Негізгі мәселе — жергілікті және өндірістік орталар арасындағы айырмашылық: жергілікті  ортада бәрі жұмыс істейді, бірақ өндірісте желілік саясаттар мен шектеулерге байланысты қателер пайда болады. Құпия деректерді қорғау және локалды ортаға түсетін ақпаратты шектеу маңызды. Сонымен қатар декларативті тестілеу дамыған сайын инфрақұрылым күрделене түседі, бұл логикалық қателерге әкелуі мүмкін. Тәуекелдерді азайту жолы: деректерді анонимдеу, трафикті шектеу және қолжетімділікті қатаң бақылау. ЖИ неғұрлым көп қолданылса, соғұрлым оның деректер мен инфрақұрылымға қолжетімділігі қатаң бақылауда болуы тиіс. 

«Бүгінде Kubernetes қауіпсіздік құралдары тек бақылау құралы болудан қалып, кластерде болып жатқан үдерістерді талдау және операторға шешім қабылдауда қолдау көрсету функцияларын атқара бастады. Осы мақсатта жасанды интеллект қолданылатын өнімдер пайда болуда. Соның бірі — Advanced Pro лицензиясындағы Kaspersky Investigation and Response Assistant (KIRA) модулі бар Kaspersky Container Security шешімі. Ол күрделі инфрақұрылымдық ортада операторлардың жұмысын жеңілдетеді», — деп түсіндірді «Касперский зертханасының» контейнерлік қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Алексей Рыбалко. 

Контейнерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарында жасанды интеллектті қолдану туралы толығырақ «Касперский зертханасының 28 мамырдағы стримінен  біле аласыз, ал Kaspersky Container Security өнімі туралы — сілтемесі арқылы танысуға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.