Тыңшы бағдарламалар мен эксплойттар — Қазақстандағы пайдаланушылар үшін өзекті қауіптер
Касперский зертханасы Қазақстандағы пайдаланушылар үшін өзекті киберқауіптер ландшафтын талдады. 2025 жылы компания банктік трояндардың саны 56%-ға, стилерлердің 36%-ға, ал тыңшы бағдарламалардың 31%-ға өскенін тіркеді*. Бұл қауіптер 2026 жылдың басында да өзектілігін сақтап отыр. Олар стационарлық және мобильді құрылғыларды пайдаланушылар үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Банктік трояндар банк және төлем деректерін ұрлауға мүмкіндік береді, стилерлер есептік жазба, құпия сөздер және басқа да есептік деректерді иемденеді, ал тыңшы бағдарламалар пайдаланушы әрекеттерін жасырын бақылап, құпия ақпаратты жинайды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтарында 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда эксплойттарды (бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдаланатын зиянды бағдарламалар немесе скрипттер) қолдану арқылы жасалатын шабуылдар саны 13%-ға артқан.
«Қарапайым пайдаланушылар әлі де киберқылмыскерлер үшін маңызды нысана болып отыр — оларды әрі ақша, әрі деректер қызықтырады. Сондықтан барлық қолданылатын құрылғыларға қорғаныс шешімдерін орнату, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру, әр аккаунт үшін бөлек әрі күрделі, ұзын құпия сөздер ойлап табу және оларды жиі өзгерту маңызды. Киберқауіпсіздіктің техникалық шаралары мен цифрлық сауаттылық деңгейін тұрақты арттыру кибершабуылдарға байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі», — деп еске салады Валерий Зубанов, Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия бойынша «Касперский зертханасы» компаниясының басқарушы директоры.
* Мәліметтер «Касперский зертханасы» шешімдерінің құпияландырылған статистикасы негізінде берілген.
[xfvalue_img]
