gov.kz дизайнын жаңартты: мемлекеттік органдардың веб-сайттары ыңғайлы және қолжетімді болды

gov.kz дизайнын жаңартты: мемлекеттік органдардың веб-сайттары ыңғайлы және қолжетімді болды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (МО ИРБП) үшін жаңа дизайн әзірлеп, іске қосты. Жаңарту жұмыстары компанияның ішкі ресурстарымен жүргізілді және заманауи ыңғайлылық, қауіпсіздік пен бейімділік талаптарына толықтай сай келеді.

МО ИРБП – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық шешім. Ол сайттардың құрылымы мен мазмұнының бірізділігін, ақпараттың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болуын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Осы платформаның арқасында азаматтар мемлекеттік органдардан өзекті ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы форматта ала алады.

Жаңартылған дизайн сайттарды пайдалануды жеңілдетіп, интуитивті түрде түсінікті етті. «ҰАТ» АҚ әзірлеушілері интерфейстің мобильді құрылғыларға бейімделуіне ерекше назар аударды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін контенттің қолжетімділігіне мән берді.

Айта кету керек, 2020 жылы іске қосылған сәттен бері МО ИРБП платформасына 3 500-ден астам мемлекеттік органның сайты көшірілді. Бұл тек бірыңғай визуалды және құрылымдық стандарттарды енгізіп қана қоймай, әкімшілендіру үдерісін де айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. 2024 жылы сайттарға 35,6 миллионнан астам рет кіру тіркелсе, 2025 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш шамамен 8 миллионға жетті.

Жаңартылған дизайн – МО ИРБП-ны дамытудың маңызды кезеңі. Алдағы уақытта платформаның функционалы кеңейіп, жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлануда. Бұл бастамалар азаматтар мен мемлекет арасындағы цифрлық өзара әрекеттестікті одан әрі жақсартып, мемлекеттік қызметтерді барынша тиімді және қолжетімді етуге бағытталған.

Сонымен қатар, МО ИРБП – бірыңғай техникалық және дизайнерлік талаптарды ұсынатын конструктор екенін атап өткен жөн. Алайда сайттардың мазмұнын қалыптастыру жауапкершілігі әр мемлекеттік органның құзыретінде қала береді.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    nhà cái net88 16 мая 2025 18:38

    nhà cái net88 là nhà cái cá cược uy tín, cung cấp đa dạng game như thể thao, casino, game bài, lô đề… Giao diện hiện đại, dễ chơi, trải nghiệm hấp dẫn.

    vin777 com tự hào là điểm đến lý tưởng với hàng loạt tính năng vượt trội. Người tham gia sẽ trải nghiệm những khoảnh khắc giải trí đỉnh cao đầy cảm xúc. Đừng bỏ lỡ cơ hội, truy cập ngay hôm nay để khám phá các sảnh cược sôi động và hấp dẫn đang chờ đợi bạn!

  2. аватар
    Hibbah 26 мая 2025 14:38

    De VEED-gummies zijn absoluut top! De high is clean, kalm en houdt lang aan. Bovendien smaken ze fantastisch – geen rare nasmaak zoals andere THC-edibles. Ik heb ze al aan al mijn vrienden aanbevolen. Het is duidelijk waarom ze als de beste van Nederland worden beschouwd. Geweldig voor zowel beginners als ervaren gebruikers. wiet snoepje

  3. аватар
    mariya 11 июня 2025 09:43

    Inspiring Content! Loving the deep dives into indie artists’ creative processes. The podcast highlights hidden gems I’d never discover otherwise. The host’s passion is contagious—keep up the great work! Can’t wait for the next episode. #IndieMusic #PodcastLove
    Toto Macau

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.