Экономика өсіп, инфляция төмендеуде – Әлихан Смайылов Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы

Экономика өсіп, инфляция төмендеуде – Әлихан Смайылов Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы

«24KZ» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы ЖІӨ және инфляция бойынша болжамды көрсеткіштер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалуы туралы айтты.

Премьер-Министрдің айтуынша, отандық экономика күрделі сыртқы жағдайларға бейімделді.

-- «Жаһандық нарықта қалыптасқан қолайсыз факторларға қарамастан, биыл еліміздің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Егер өткен жылды 3,2% өсіммен аяқтасақ, биылғы жылдың 11 айында экономиканың өсуі 4,9%-ды құрады. Ал жылдың қорытындысы бойынша осы өсім 5%-ға жақын болады деп күтілуде», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті. Мәселен, құрылыста өсім 13%, саудада – 11%, байланыс секторында – 8%.

-- «Экономикалық өсудің негізгі драйвері инвестициялар болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 15 трлн теңгені құрады», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Биылғы басты сын-қатерлердің бірі инфляция болды.

-- «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойды. Ол үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел және орта мерзімді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,8% маңайында болады деп күтілуде. Бұл – инфляция екі есе төмендейді деген сөз. Келесі жылы біз инфляция деңгейін одан әрі, яғни 6-8%-ға дейін төмендету үшін жұмысты жалғастырамыз. Өзімізге осындай мақсат қойып отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр экономикамыздың тұрақтылығын халықаралық рейтингтік агенттіктер де растап отырғанын айтып өтті. 

«Олар Қазақстанның рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде белгілеп отыр. Сондықтан біздің экономикамыз сыртқы факторларға бейімделді деп айта аламыз. Дегенмен сыртқы қолайсыз факторлар әлі де экономикаға кері әсерін тигізуде. Сондықтан Үкімет әртүрлі сценарийлерге дайын болу және қажетті шараларды қабылдау үшін әлемдегі жағдайды бақылап отырады», — деп атап өтті Премьер-Министр.

https://primeminister.kz/news/ekonomika-osip-inflyatsiya-tomendeude-alikhan-smayylov-kazakstannyn-2023-zhylgy-damu-korytyndylary-turaly-26840

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Liwovosa 14 января 2024 19:30

    A very awesome blog post. We are really grateful for your blog post. You will find a lot of approaches after visiting your post. apk nekopoi versi 2.1

    I wanted to thank you for this great read!! I definitely enjoying every little bit of it I have you bookmarked to check out new stuff you post. slot5000

  2. аватар
    Liwovosa 15 января 2024 18:47

    Wow, cool post. I'd like to write like this too - taking time and real hard work to make a great article... but I put things off too much and never seem to get started. Thanks though. apk nekopoi

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.