Kaspersky Who Calls: 2023 жылы Қазақстанда қолданушылардың үштен бірі дерлік телефон алаяқтығына тап болған
Kaspersky Who Calls қосымшасының мәліметтері* бойынша 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстандағы спам қоңырауларын алған пайдаланушылардың үлесі 76,2%-ды құрады. Бұл ретте шамамен үштен бірі (30,3%) алаяқтармен бетпе бет келген. Жыл бойы мұндай қоңыраулар саны өсіп отырған. Егер бірінші жартыжылдықта 74,7% спамға тап болса, екіншісінде - қазірдің өзінде 85,8%-ға жеткен. Алаяқтар бұрынғыдан да белсенді бола бастағаны байқалады. Олардан қоңырау түскен пайдаланушылардың үлесі 23,2%-дан 42%-ға дейін өсті.
Пікірлерге сәйкес**, биыл алаяқтар банк қызметкерлерінің-міс атынан жиі қоңырау шала бастаса - бұл ең танымал схемалардың бірі. Әдетте пайдаланушыға шоттық жазбасындағы белсенді күдікті әрекет сияқты мәселе туралы хабарланады. Қаскүнемдер әңгіме барысында оның банк картасының деректемелерін, құпия сөздерін, пин-кодтары мен басқа да ақпаратты ұрлауға тырысады. Сондай-ақ олар қауіпсіз шотқа-мыс ақша аударуды сұрауы мүмкін.
Жалпылай алғанда алаяқтар бұған дейін де тексеруден өткен, өткен жылы да жиі кездескен схемаларды пайдаланды. Олардың арасында - құқық қорғау қызметкерлерінен түскен-міс делінетін қоңыраулар да бар. Шабуыл жасаушылар, мысалы, адамды тергеу ісімен ынтымақтасуға сендіріп, әңгіме барысында оның жеке ақпаратын немесе банк картасының деректемелерін алуға тырысады.
Тағы бір танымал схема - жүлде ұтып алғаны туралы мәлімдейтін қоңыраулар. Көбінесе қолданушыларға автокөлік тиесілі екендігі туралы хабарланады. Содан кейін оларды өз деректерін енгізуі қажет фишинг сайтына қайта бағытталады. Нәтижесінде олар қылмыскерлердің қолына түседі. Сондай-ақ, алаяқтар жүлдені рәсімдеу үшін шағын комиссия төлеуді сұрауы мүмкін.
Бұрынғыдай хабарландырулар сайттарынан түсетін қоңыраулар әлі де жиі кездеседі. Қандай да бір заңды ұйымның-мыс қызметкері пайдаланушыға хабарласып, оның тауарын сатып алуды және ақшаны - картаға аударуды ұсынады. Содан кейін ол жалған веб-сайтқа қайта бағытталып, қажетті жолдарды толтыруды сұрайды. Мұның ішіне - банк картасының деректемелері, пин-кодтар мен шоттағы ақшаны ұрлау үшін пайдалануға болатын басқада мәліметтер кіреді.
«Телефон алаяқтығы тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де басты киберқауіптердің бірі болып қала береді. Мұндай жағдайлардың көбеюі киберқылмыскерлердің схемалары әлі де тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді және пайдаланушылар олардың жемтігіне айналуды жалғастырып отыр. Оның үстіне, соңғы уақытта олар дәстүрлі түрде ғана емес, сонымен қатар алаяқтық үшін одан да көп мүмкіндіктер беретін мессенджерлер арқылы қоңырау шала бастады. Осы арада айта кету керек, шабуылдаушылар өздерінің схемаларын ағымдағы жағдайға сәйкес бейімдейді - мысалы, Жаңа жыл мерекелеріне байланысты. Сондықтан жыл соңына қарай қолданушылар бұрынғыдан да қырағы бола түскені жөн», - дейді Касперский зертханасының Қазақстандағы, Орталық Азия мен Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Телефондық алаяқтықтан қорғану үшін Kaspersky Lab сарапшылары төмендегідей кеңес береді:
- телефон арқылы ешкімге құпия ақпаратты, соның ішінде шоттың логиндері мен парольдерін, СМС және push-хабарламалардың кодтарын, банк картасының деректемелерін, пин-кодтарын бермеңіз;
- шұғыл түрде әрекет ету туралы өтініштерден сақ болыңыз: бұл алаяқтықтың басты белгілерінің бірі. Тіпті әңгіме маңызды мәселе туралы болып жатса да, ақпаратты қайта тексеріп, мысалы, банк бөлімшесіне тікелей хабарласыңыз. Сондай-ақ сізге эмоционалдық қысым көрсетсе немесе қорқытса, сақ болу керек;
электрондық поштадан, мессенджерлік хабарламалардан немесе СМС-пен келген күдікті сілтемелерге өтпеңіз;- қажетсіз қоңыраулардан қорғану үшін сенімді шешімдерді пайдаланыңыз, мысалы, Kaspersky Who Calls. Қоңырау шалу кезінде пайдаланушы оны қайдан шалынып жатқанын көреді: мысалы, такси қызметінен немесе тамақ жеткізу қызметінен. Сондай-ақ қолданба ықтимал спам, алаяқтық және қыр ізіңнен қалмайтын жарнама туралы ескертеді - мұндай қоңырауларды автоматты түрде бұғаттауға болады. Ол бұл деректерді машиналық оқыту алгоритмдері мен пайдаланушы шолулары арқылы алады. Сонымен бірге деректер базасына қажет емес нөмірлерді адам өзі де енгізеді. Дегенмен, Kaspersky Who Calls телефон нөмірі және байланыстар тізімі сияқты құпия деректерді сұрамайды.
2023 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы мәліметтер* Kaspersky Who Calls қосымшасының анонимді статистикасының көмегі арқылы алынды.
** Деректер 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Kaspersky Who Calls қосымшасының дерекқорына күдікті нөмірлерді дербес қосқан пайдаланушылардың анонимді шолулары (шағымдары) арқылы алынды.
[xfvalue_img]