Vietjet Air авиакомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады
Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстің ашылуының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Вьетнам Социалистік Республикасының
Вице-президенті Во Тхи Ан Суан ханым қатысты.
VietJet Air вьетнамдық авиакомпания 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы - Нха Транг бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Ұшулар аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі)
А-330 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Vietjet Air 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Астана – Нха Транг бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-330 типті
әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) орындалатын болады.
Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтің вьетнамдық Vietjet Air авиакомпаниясының вице-президенті Чу Виет Цуонг мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады. Қазақстандық тарап Vietjet Air әуекомпаниясына Қазақстанға рейстерді іске қосуға және ұлғайтуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Анықтама:
VietJet Air - 2007 жылы құрылған вьетнамдық төмен бюджеттік авиакомпания. 100-ге жуық Айрбас А-320, А-321 және А-330 типті әуе кемелерін пайдаланады. Авиакомпанияның штаб пәтері Хошимин қаласында (Вьетнам) орналасқан. 52 ішкі және 52 халықаралық бағыттар бойынша рейстерді орындайды. Халықаралық
әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мүшесі болып табылады.
[xfvalue_img]