Отбасы туралы мәліметтерді түзету сервисі eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

Отбасы туралы мәліметтерді түзету сервисі eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, неке тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.

Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті.

         Мысалы, балалардың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, анасы мен әкесі туралы деректер) ұсынылған бөлімдерде жазба дұрыс көрсетілмеген жағдайда, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік бар.

         Сондай-ақ, ұқсас сервис eGov.kz порталында қолжетімді. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 83 мыңнан астам адам өз деректерін өзектендірген.

         «Қазақстандықтарда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін.Мәселен, бала көрсетілмейді немесе, керісінше, бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ eGov.kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис  eGov mobile мобильдік қосымшасында да қолжетімді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

         Аталмыш функцияларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:

  • қызметтер қойындысын ашу;
  • қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» - АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
  • акт жазбасының түрін таңдау;
  • «іздеу» түймесін басу;
  • егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
  • әрі қарай қызметке қол қою керек.

Қызмет көрсету нәтижесі мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат болып табылады.

Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі болып табылады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.