ҚОСТАНАЙ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ЗӘРУ

ҚОСТАНАЙ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ЗӘРУ

Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару бағдарламасын іске асыру аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбеков 2021 жылғы 23-24 қарашада «Өңір» депутаттық тобының мүшелері – сенаторлар                 Е. Сұлтанов, А. Құртаев және Ж.Нұрғалиевтармен бірге Қостанай облысына барып қайтты.

         Іссапар барысында олар жергілікті ірі өнеркәсіптік және өндіруші кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Өңірдің өнеркәсіптік және өндірістік әлеуеті орасан зор, сонымен қатар кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылмақ өндірістерді дөңгелетіп әкету үшін жұмыс күшінің тапшылығына ұшырап отырғанын байқады.

         «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті В. Гриненко жаңа кен орындарын пайдалануға енгізейін деп тұрған тұста жұмыс күшінің тапшылығының өсіп келе жатқанын атап өтті. «ССТӨБ» АҚ 900 жас маманды көшіру үшін жағдай жасауға әзір екенін жеткізді. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС басшылығы да қосымша 500 маман тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «КАМАЗ» зауыты құрылысының жобасы шойын құю өндірісі бойынша жас мамандар үшін 500 жұмыс орнын ұсынуға құлықты. Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорын «Агромашхолдинг КЗ»-ке де қосымша 180 маман қажет. Сөйтіп, тек осы кәсіпорындардың ғана кадрларға деген жалпы мұқтаждығы шамамен 2200 адамды құрайды.

         Қостанай облысының орта арнаулы оқу орындарында білім беріп, содан кейін жұмысқа орналастырып және жеке тұрғынүй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімдері бөлінген жағдайда, оңтүстік өңірлердегі қандастар арасынан жастардың қоныс аударуын қамтамасыз етуге дайын екенін             З. Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атынан мәлімдеді.

         Еліміздегі ең ірі агроөнеркәсіптік кешендердің бірі болып табылатын «Олжа агро» кәсіпорнының басшылығы жоғарыда айтылғандардан бөлек, оңтүстік өңірлерден 2000 отбасын көшіруге мүдделілік танытты. Олар мүйізді іріқараларды өсіруге жұмылдырылып, әр жанұяға шамамен 100-ден құнажын сиырлар бөлініп берілетінін жеткізді. Бұл ретте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы оңтүстік өңірлерден қандастарды көшіруді ұйымдастыру арқылы жәрдем көрсетуге бейіл екендіктерін білдірді.

         Өз кезегінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚР қолданыстағы заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан кейін ЖТҚ үшін инфрақұрылымы бар жер учаскелерін бөлуге болатынын және мұндай қадам өңір билігіне елдің жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аударушылар үшін жер учаскелерін ресімдеуге мүмкіндік беретінін айтты. Талқыланған тақырып аясында Сенат депутаттары аталған мәселені шешудегі Қазақстан Республикасы Парламентінің ағымдағы заңшығарушылық қызметінің жайын баяндады.  

         Сонымен қатар жиылғандарға З. Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жүзеге асырып жатқан «Асар», «Тұрғын үй және жұмыс» жобаларына кеңінен тоқталып, ондаған мың отбасының еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуын ұйымдастыруға өз үлестерін қосуға дайын екендігін білдірді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.