СҚО полицейлері дамбадағы оқыс оқиғаның алдын алды

СҚО полицейлері дамбадағы оқыс оқиғаның алдын алды

 

37 жастағы Петропавл тұрғынына балық аулаудың салдары қайғылы аяқтала жаздады. Қайықта ұйықтап жатқан адамды түнгі сағат екілер шамасында Петропавл су торабында қызмет етіп жүрген Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері байқаған. Рәзеңке қайық ағынмен дамбаға қарай жылдам ағып келе жатқан. Полицейлердің айқайлап шақырған, алайда еш жауап болмаған, содан кейін олар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бірден диспетчерге шандораны көтеру үшін хабарлаған. Дер кезінде көтерілген металл арқалықтар иірімге түсіп кете жаздаған қайықты ұстап қалады. Бұл кезде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп үлгерген. Осылайша балықшыны құтқару операциясы сәтті аяқталды.

«Түнгі ауысымнан шыққан соң, ұйықтамастан кешке қарай балық аулауға баруды шешіп едім. Полицейлер дер кезінде байқаған, бұл менің екінші туған күнім болды, көп рахмет», - деп ризашылық білдірген азамат құтқару жұмыстарына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Полицейлердің айтуынша, әр минут маңызды болған, лезде әрекет ету керек болды. Қайықты бірінші полиция сержанты Ақылбек Әбділманов байқады. Ол бұл жайлы жедел қызметке қоңырау шалу үшін әріптесі Рауан Қабдулинге бірден хабарлаған. «Біздің қызметімізде көп нәрсе қырағылық пен жедел әрекет етуге байланысты. Бұл күзетілетін объектінің жанында жүрудің өзі қауіпті. Өкінішке орай, петропавлдықтар мұны әрдайым түсіне бермейді », - дейді полицейлер.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив