ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы туралы

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы туралы

Душанбе, 2021 жылдың 19 мамыры - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Іс-шара барысында СІМ басшылары ҰҚШҰ-ның ағымдағы қызметі және оны дамыту перспективалары туралы кең ауқымды мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

М.Тілеуберді отырысқа қатысушыларды ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, ұйымды одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ-ның 2020 жылы желтоқсанда өткен саммитінде ұсынған бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Министр әріптестеріне және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Заське Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша тыңғылықты диалог пен практикалық идеялар үшін ризашылығын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер құжаттардың жобаларын мақұлдады, олардың бірқатары ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына Душанбеде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына шығарылатын болады. Олардың ішінде – ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі келісім мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуының 30 жылдығына және ҰҚШҰ 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бар.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Нюрнбергтегі халықаралық әскери трибунал үкімінің 75 жылдығына орай, биологиялық және уытты қаруларға тыйым салу туралы Конвенцияны нығайту туралы, ҰҚШҰ-ның мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы, Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты төрт саяси мәлімдеме қабылдады.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және халықаралық өңірлік ұйым болып табылады, оның құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

ҰҚШҰ-да қабылданған ротациялық тетікке сәйкес Сыртқы істер министрлері кеңесінде төрағалық ету ағымдағы жылы Тәжікстан Республикасына жүктелді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.