Таразда Халық Қаhарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткіші ашылды
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында xабарлады.
«Бүгін ерекше күн – 1971 жылғы 3 сәуірде, осыдан тура 50 жыл бұрын, біздің жерлесіміз, «Халық Қаһарманы» жоғары атағына ие болған Қазақстандағы жалғыз полиция қызметкері – полиция капитаны Ғазиз Байтасов өмірге келді.
Жыл сайын оның туған күнінде Жамбыл облысының Полиция департаменті түрлі іс-шаралар өткізеді. Биыл «Жеңіс» саябағында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Арыстанғани Заппаровтың, Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбековтың және Ғазиз Байтасовтың отбасының қатысуымен ержүрек полицейге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Бірнеше күн бұрын осындай салтанатты жағдайда ескерткіштің іргетасы қаланған болатын.
Біздің бастамамызды қолдағаны үшін облыс әкімі Бердібек Машбекұлына шынайы алғысымды білдіремін.
Бүгінгі қуанышты оқиға – бейбіт күнде азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған адамдарға құрмет болмақ. Арыстанғани Расылханұлы атап өткендей, тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 800-ге жуық полиция қызметкері қаза тапты. ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жыл сайын олардың ерліктеріне арналған «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы өткізіледі.
Біздің батырымыз Ғазиз Байтасовтың ерлігі Қазақстан полициясының барлық қызметкерлеріне үлгі. Ол туралы естелік ұрпақтан ұрпаққа жете бермек», - деп атап өтті полиция генерал-майоры.
[xfvalue_img]
26 пікір