Түркістанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Түркістанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы бүкіл түркі әлемінің рухани орталығында, Қазақстанның ғана емес, жалпы Орталық Азияның тарихи қаласы Түркістанда өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кеңесі 1996 жылы 19 қаңтарда қылмысқа қарсы іс-қимылдарды үйлестіру және бірлесіп жүргізу мақсатында құрылған.

Бұл кеңес құқықтық тәртіпті нығайтуды көздейді, полиция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді, Ішкі істер министрліктері арасында өзара тәжірибе мен ақпарат алмасуға жәрдемдеседі, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының қызметіне басшылық етеді. Аталмыш ұйымның құрылғанына биыл 30 жыл.

Жиынға Қазақстанның атынан министр Ержан Саденов бастаған ІІМ делегациясы қатысты. Кеңес жұмысына Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның ішкі істер министрлері, Армения полициясының басшысы, Тәжікстан, Әзірбайжан мен Түрікменстан ішкі істер министрліктерінің, ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД-дағы терроризмге қарсы орталықтың өкілдері қатысты.

Кездесуде қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

– Ұйымдасқан қылмыс ТМД-ға мүше барлық мемлекеттердің ішкі қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сала енді “дәстүрлі” қылмыстармен шектелмейді. Экономикалық жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыстың ауқымының ұлғаюына және трансұлттық сипатқа ие болуына әсер етеді. Осыған байланысты біз оған бірлесіп тосқауыл қоюымыз керек, – деді Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Осы бағытта Қазақстанның ІІМ ТМД елдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Мәселен, Байқоңыр қаласында шетелдік әріптестермен бірлесе өткен операция барысында ақша бопсалаумен және адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ залалсыздандырылды.

Есірткінің заңсыз айналымы – бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Кеңес қатысушылары психотроптық заттардың таралуына қалай тосқауыл қою керектігін талқылады. Қазақстанда бұл бағытта қазір алдын алу жұмыстарына, есірткі зертханаларын іздеуге және жоюға баса назар аударылып жатыр. Жыл басынан бері осындай 59 цех жойылды.

Сондай-ақ Алматыда шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, полицейлер бірқатар Достастық елдерінің азаматтарынан құралған трансұлттық ҰҚТ-ның жолын кесті. Қылмыскерлерден 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Осылайша 10 тоннадан астам дайын есірткінің өндірісі тоқтатылды.

Кеңес отырысында 2024-2028 жылдарға арналған жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының халықаралық бақыланатын жеткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы шарттың жобасы мақұлданды, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Іс-шара соңында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің қатысуымен брифинг өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/620653?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

123 пікір

  1. аватар
    Jan 8 ноября 2026 03:37

    Smaller loads lower risk for new players, offering budget entry
    but with reduced bonuses, fewer spins, and limited
    promotions. For Aussie players searching for low deposit
    online casinos, play casino with real money platforms,
    and fast payout sites! Every brand in this guide supports both Pay
    ID deposits and online casino PayID withdrawal for eligible Australian players, but you should always confirm the cashier withdrawal options before your first deposit if Pay ID cashouts are your primary concern. It is worth checking the cashier fine print before you commit, but the
    six brands reviewed here do not add charges on top of standard
    bank-free Pay ID rails.

    References: pentafrag.net

  2. аватар
    Emmett 8 ноября 2026 19:31

    Online pokies australia payid platforms typically stock titles from leading software providers including Pragmatic
    Play, Aristocrat, NetEnt, Microgaming, and Play'n GO.

    We support AUD for local transactions and provide several payment
    methods used by Australian customers. Our listed payment methods include cards, e-wallets, bank transfer, digital assets,
    and regional payment services. Note that
    even if your bank has higher limits, you will have to stick
    with the ones set by the PayID online casinos in Australia, just like with any other payment method.

  3. аватар
    Anton 8 ноября 2026 19:41

    So, make sure that your potential real money pokies payid money casino offers
    the games you enjoy. Join many Australian players as you win loads of cash prizes at AU online casinos.
    What’s more, real money casino sites have some of the best payouts and offer players a variety of options.
    When you sign up at a real money online casino you can play the best casino games and claim generous bonuses.
    No, recreational gambling winnings are not taxed in Australia.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.