Абайлаңыз, алаяқтар: полиция сақтық шараларын еске салады

Абайлаңыз, алаяқтар: полиция сақтық шараларын еске салады

Интернет кеңістіктің дамуымен киберқылмыс та қарқын алып жатыр. Алаяқтар ақпараттық технологияларды қолдана отырып, азаматтарды түрлі тәсілдермен алдауға тырысып жатқандары мәлім.

Киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін не істеу керек? Полиция сақтық шараларын еске салады.

– Банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие рәсімдеу, мүлікті сату немесе ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, қандай да бір бағдарламалар орнату туралы “телефон” нұсқауларына ермеңіз. Банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді.

– Өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері деп таныстырған бөгде адамдар қоңырау шалған кезде тұтқаны қойып, сізге қызмет көрсететін банктің сенім телефонына немесе полицияға қоңырау шалу қажет.

– Өзіңіз туралы жеке мәліметті, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз.

– Белгісіз және тексерілмеген сайттарға сенбеген абзал. Тексерусіз алдын ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз.

– Күмәнді келісімдер бойынша ақша аударымдарын жасамаңыз.

– Қосымшаларды орнату үшін App Store және Play Market сынды ресми бағдарламаларды пайдаланыңыз.

– Банк қосымшаларына кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғанысты және басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.

– Шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/569396?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

77 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.