Таразда полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған ән жарыққа шықты
Таразда Достық үйінде өткен шығармашылық кеште Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың құрметіне Қуат Орманқұловтың сөзіне және Нариман Мырзақұловтың музыкасына жазылған әннің тұсаукесері болды.
Әнді шығару идеясы Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаеваға тиесілі. Ол бұл әннің бізге Ғазиз Байтасовтың лаңкестерге қарсы күрес жолында азаматтардың қауіпсіздігі үшін көзсіз ерлік жасағанын еске салатынын атап өтті.
Алғаш рет шығарманы әскери оркестр әншілері Хантөре Нұржанұлы мен Дидар Базарбаев орындады.
Сондай-ақ, кеш барысында полиция капитанының өмірі жайлы «Ерлікке тағзым» бейнеролигі көрсетілді.
Өз кезегінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиева ерлікпен қаза тапқан офицерді ерекше құрметпен еске алғаны үшін барша қатысушыларға алғысын білдірді.
Жиналғандар қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция аға сержанты Полат Аянқұлов пен полиция аға сержанты Жақсыбек Байсейітовті, қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Дастан Әділбайды бір минут үнсіздікпен еске алды.
[xfvalue_img]
32 пікір