Петропавл полицейлері бөтеннің телефон паролін біліп алып, интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері бөтеннің телефон паролін біліп алып, интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне интернет-алаяқтықтың құрбанына айналған әйел жүгінді. Әйел адам ол жайында жақын адамдары алмаған қарыздарын сұрай бастағанда бірақ белген. Белгісіз қылмыскердің оның телефонын ұрын иемденіп, қосымшаларын пайдаланғаны анықталды.  Алаяқ WhatsApp мессенджері арқылы әйелдің атынан хабарламалар жазып,  таныстарынан қарыз сұраған, кейін карточкасына түскен ақшаларын шешіп отырған. Полицейлер жәбірленушінің айналасындағыларды тексеріп, бұрынғы әріптесі, 26 жасар петропавлдықтың қатыстылығын анықтады. Жігіт бірге жұмыс істеп жүрген кезінде жәбірленушінің паролін қарап, есіне сақтап алғанын мойындады. Кейін телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, құпия ақпаратты ұрын пайдаланып, 270 мың теңгесін иеленген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Интернет-алаяқтардың көздегендері – ұялы құрылғылар мен қосымшалардың парольдері сияқты құпия ақпараттар, әсіресе банк карталарының pin-кодтары және cvv-кодтары, - дейді Бірініші ПБ бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. Бұл ақпараттарды жан адамға көрсетпей, құпия сақтау қажет. Қазіргі кезде қаскөйлер құпия ақпараттарды қолға түсіру үшін алаяқтықтың түрлі айла-амалдарына әккіленіп алған. Қандай жағдай болмасын, құпия сөздерді бөтен адамдарға көрсетуге болмайтынын есте сақтаған жөн. Әрқайсыңызға интернет-қауіпсіздік мәселелерін зерделеп, өз деректеріңізді құпия сақтау үшін шаралар қабылдауды, мәселен жеңіл парольдерді пайдаланбауды және басқа қосымшаларға оларды қайта  қолданбауға кеңес береміз. Егер мессенджер немесе әлеуметтік желілер арқылы таныстарыңыз қарыз сұраса, уақыт тауып, ол адаммен хабарласып, хабарлама жібергеніне көз жеткізіңіз. Қазір әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттардан мұндай өтініштердің түсуі жиілеп кетті. Алаяқтар бөтен адамдардың суреттері мен жеке мәліметтерін қолданып ашқан аккаунттар көптеп кездеседі. Сондықтан жақындарыңызбен интернет арқылы хабарламалармен ғана шектеліп қоймай, жеке тілдескен абзал». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

35 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.