Елордалық полиция департаменті алаяқтық фактісі туралы ескертеді
Алаяқтар пайдаланушыларды алдаудың көптеген әдістері мен сызбаларын қолданады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны интернет желісіндегі алаяқтық сызбалар мен телефон алаяқтығы болып табылады.
Банк карталарын пайдаланушыларға қайталама нөмірлерден қоңырау келіп түседі. Алаяқтар программалық қамтымды пайдалана отырып, банктердің ресми колл-орталықтарының нөмірлерін қайталап, картаны пайдаланушыларға қоңырау шалады. Әңгімелесу барысында өздерін банк қызметкерімін деп таныстырады. Банк қызметкерінің рөлін шебер сомдап, алаяқтар банк картасы бойынша алаяқтық әрекеттер жасалып жатқанын хабарлайды және ақшаны сақтап қалу үшін сақтандыру ұяшығына ақша қаражатын аударуды сұрайды. Алаяқтар әңгімені үзбеуге тырысып, бөтен адамдардың банк картасының нөмірін айтады.
Егер сізге осылай қоңырау шалатын болса ешқашан өз деректемелеріңізді бермеңіз – бұл алаяқтар! Банк қызметкерлері ешқашан қоңырау шалып, жеке деректеріңізді жинамайды! Ресми колл-цент нөміріне қайта қоңырау шалып, ақпаратты тексеріңіз.
Интернет желісінде алаяқтықтың басқа да түрлері кеңінен таралуда: алаяқтар көптеген хабарламаларды жіті зерделеп, ішінен біреуін таңдап мессенджер арқылы сатып алушы ретінде хат алмасады да сатып алмақшы болып өтірік келіседі.
Хат алмасу барысында алаяқтар «жеткізу» қызметін пайдалануды сұрайды, сол үшін басып кіруі тиіс сілтеме жібереді. Бір қарағанда ол сілтеме ешқандай күмән тудырмайды, алайда оны басқан кезде пайдаланушы фишинг сайтына кіреді. Бұл сайтта банк картасын, CVV-кодты және ЖСН-ды көрсете отырып сауалнаманы толтырып, ақшаның аударылуын күту ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген деректемелерді алып, алаяқтар бірден картадағы шоттан барлық ақша қаражатын жымқырады. Ал алаяқтық сайт бірнеше секундтардан кейін бұғатталып қалады және ешқандай белгі қалмайды.
Полицейлер банк картасы деректемелері мен жеке деректемелерді толтырудан бас тартуға кеңес береді, оларды көшіріп алып, ақша қаражатын жымқыру үшін пайдалануы мүмкін. Оларды бөтен адамдарға жібермеңіздер. Сайттың түпнұсқалығына назар аударыңыздар. Фишинг сайттардың атауында артық әріптер мен таңбалар болады.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, орын алып жатқан алаяқтық жағдайлар туралы ескертеді.
[xfvalue_img]
15 пікір