Пробация есебіндегі азаматтар Мемлекет басшысының мақаласымен танысты
2020 жылғы 26 қаңтарда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында қалалық пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті.
Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысының мақаласындағы «Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімге тереңнен тоқталып, Тәуелсіздікке жетуге ерекше еңбек сіңірген дара тұлғалардың өмірлік тәжірибелері, олардың Отансүйгіштік қасиеттерінің қалыптасуына айрықша тоқталды.
Шара соңында кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, оқу залы қорында орналасқан әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктері мен әлем әдебиеттерінің көрнекті тұлғаларының таңдаулы туындыларының аудармалары аясында жарыққа шыққан «Әлемдік философиялық мұра», «Әлемдік тарихи ой-сана», «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Әлемдік классика» ашық көрме сөрелеріне қойылған кітаптармен танысты. Сонымен қоса ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесімен кеңінен танысты.
Қызылорда қалалық пробация қызметі
[xfvalue_img]