Әр съездің өз міндеті бар.

Әр съездің өз міндеті бар.

 

Қазақстан Республикасы судьяларының VII cъезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  нақты тапсырмаларды міндеттеген еді. Ал 2017 жылы Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынды.

Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды. Жоба 7 бағытты қамтыды. Атап айтқанда, олар: «Әділдік», «жауаптылық және тәуелсіздік», «сот ісінің тиімділігі», «әкімшілік әділдік», «тергеу судьясы», «судьялардың біліктілігі» бағыттары болатын. Бұл  бағыттар сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.Осы уақыт аралығында жобаны жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жобада татуластыру рәсімдеріне баса назар аударылуда. Жоғарғы Сот және сапа өтуіне мұрындық болатынын айтты.  Осыған орай елімізде соттан тыс  татуластыру орталықтары, отбасылық соттар және фронт кеңселер ашылды. Республикадағы барлық соттарда кәсіби медиаторлар қызмет ететін медиация кабинеті, сондай-ақ татуластырушы-судьялар бар. 

         Мемлекет басшысы 10 маусымда «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Оның мазмұны негізінен соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіре отырып, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту, дау-дамайды соттың қатысуынсыз реттеу болып табылады. Заңның жаңа талаптарына сәйкес, тараптардың өзара ымыраға келуі, дәлелдерді талап ету, сот ісінің жағдайын талқылау, жеке пікірлерін білдіру, бейбіт келісімге келуді қамтамасыз ету белсенді рөл атқарады. Бүгінде мемлекет пен азаматтар арасындағы даулар юрисдикция аясында, сондай-ақ экономикалық сот аясында қаралатын. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық сотта қаралмақ. ҚХАП ұзақ уақыт бойы әзірленді және оны қабылдау биыл мемлекет үшін үлкен оқиға болды. Енді шағымдар мемлекеттік органның кінәсінің презумпциясы негізінде қаралатын болады, ол оның шешімі әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдейді. Азамат  шешіммен келіспегені туралы талап қоюы жеткілікті, ал сот талап қоюшыға талаптардың дұрыс тұжырымдалуына, формальды қателіктерді жоюға көмектеседі, іс бойынша объективті шындықты анықтауға шаралар қабылдайды және оның шешімінің орындалуын қадағалайды. ҚХАП Азаматтық іс жүргізу кодексінен айырмашылығы бітімгершілік рәсімдерін қарастырады, мұнда жария құқықтық дауларды қарау кезінде бітімгершілік келісім жасауға тыйым салынады. Тергеу судьясы алдын ала тергеудің орталық фигурасы болып табылады. АІЖК-нің 55-бабына сәйкес, тергеу судьясына 12 процедуралық іс-әрекеттер мен шешімдерді санкциялау, 8 мәселені қарау және 8 басқа өкілеттіктерді жүзеге асыру құқығы берілген.

         2019 жылдың қорытындысына сүйенсек, республикада  сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері бойынша адамды қамауға алу үшін санкциялардың аз шығарылғаны және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы бірнеше есе көп қолданылғаны атап өтілді. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне жасалған 810 шағымның 38% қанағаттандырылды. Бұл тергеу судьяларының тиімділігін дәлелдеді. 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгертулерге сәйкес, Конституциялық заң жаңа «Судьяның кәсіби қызметін бағалау» деген 30-1 баппен толықтырылды. Бұл, ең алдымен, оның кәсіби білім деңгейі мен оларды сот төрелігін жүзеге асыруда қолдана білу қабілеті, сот қызметінің нәтижелері, судьяның іскерлік және адамгершілік қасиеттері және оның Конституциялық заң мен Судьялар әдебі кодексінің талаптарына сәйкестігі. Бағалау сот жүйесінің сапасын арттыру, кәсіби біліктілігін арттыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауапкершілікті арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғам мүдделерін қорғау мақсатында өткізіледі. Өткен жыл әділ сот төрелігінің сапасын көрсеткен жыл болды және судьяларды бағалау жаңа критерийлер, процедуралар мен әдістерге сәйкес жүргізілді, сот актілерінің сапасына үнемі бақылау жасалды, бұл кезде бұзушылықтардың дәрежесіне заңдық баға беріліп, судьялардың жауапкершілігі туралы мәселе көтерілді.

                Жыл сайын судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеу  және болашақ судьяларды даярлайтын оқу орны болып табылатын Сот төрелігі академиясының қызметі жетілдірілуде. Бүгінде  бұл мәселе осы жобаның құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Техникалық жаңашылдықтардың арқасында сот ісін жүргізудің тиімділігі мен ашықтығын едәуір арттыруға, құжат айналымы, сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығы саласындағы жүктемені азайтуға қол жеткізілді. Республикада барлық сот залдары AVF жүйелерімен жабдықталған, процестер бейнеконференция байланысын қолдана отырып жүзеге асырылуда, жеңілдетілген және тәртіппен іс жүргізу бойынша істерді электронды түрде қарауға көшу белсенді жүргізілуде. Азаматтық сот ісі Сот кабинеті арқылы түседі. Электрондық форматта бұйрық өндірісі бойынша қылмыстық істер, кіші және орташа ауырлықтағы қылмыстар қаралады. Ахуалдық орталық жергілікті соттардың құжат айналымына күнделікті бақылау жүргізеді, әр 15 минут сайын жаңарады. Соттарда фронт-кеңселер мен заң қызметтерінің секторлары ашық, онда сот мамандары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, ХҚО өкілдері «бір терезе» қағидаты бойынша заң қызметтерінің барлық спектрін ұсынады. Бүгінде соттардың электронды сервистерін одан әрі дамыту және жұмысты жеңілдету үшін жаңа инновациялық шешімдер іздеу міндеті тұр. Менің ойымша, бұл маңызды жетістік және азаматтардың соттарға деген жоғары сенімін қамтамасыз ету үшін әлі де көп нәрсе жасау керек.

Бақтияр ЖОРАБАЕВ

БҚО МАЭСотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.