Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жаңа іс-шаралар кешенін әзірлеуге кірісті

Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жаңа іс-шаралар кешенін әзірлеуге кірісті

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге арналған онлайн-кеңес өткізді.

Қоғам өкілдері, орталық, жергілікті мемлекеттік органдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылығы қатысқан іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасы азаматтық қоғамды жаңа жоспарды әзірлеуге белсенді тартудың өзектілігін атап өтті.

Агенттік өкілінің негізгі баяндамасының барысында жоспардың жобасына жүзеге асырылуы сапалық өзгерістерге мүлдем әсер етпейтін формалды және декларативті ұсыныстарды жолдаған жекелеген мемлекеттік органдарға қатысты сыни пікірлер айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топтың (АМТ) жетекшісі А. Соловьева да осындай пікір айтты.

Арнайы мониторингтік топтың белсенді мүшелерінің бірі Т. Нәрікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының міндетті түрде қатысуы қажеттігін және олардың жауапкершілігін арттыруды атап өтті.

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Р. Ошақбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны шын мәнінде тиімді құжатқа айналдырып, қайта құруды ұсынды.

Салалық сарапшылар мен қоғамшылдардың тұжырымдарын назарға ала отырып, айтылған сын-ескертпелердің негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өз ұсыныстарын қайта пысықтауға мүмкіндік беру туралы шоғырландырылған шешім қабылданды.

«Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібіне азаматтардың басым көпшілігінің назары аударылды, сондықтан мемлекеттік органдардың басшылығына бұл мәселеге патриоттық сезім мен ел болашағы үшін жауапкершілікті ескере отырып қарау өте маңызды. Біз жаңа ұсыныстар салалық мәселелерді объективті қабылдау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізіне негізделеді деп үміттенеміз», - деп А. Шпекбаев сөзін аяқтады.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.