ШҚО инвесторларының (кәсіпкерлерінің) мәселелерін талқылау бойынша тікелей эфир өтті
28 маусым күні «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Б. Майжериновтың қатысуымен «ШҚО инвесторларының (кәсіпкерлерінің) мәселелерін талқылау» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Бақытжан Майжериновтың айтуынша, кәсіпкерлердің басым көпшілігінде пандемия салдарынан қиындықтар туындауда.
Оның айтуынша, қазір елімізде карантин талаптары күшейтіліп, 2 апталық локдаун жарияланды. Қосымша шектеулерге байланысты өңіріміздегі кәсіпкерлер бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Естеріңізде болса, біз ТЖ кезінде арнайы жедел штаб құрған болатынбыз. Әр аймақтан бізге өтініштер келіп түсті, сол өтініштердің барлығын қарап, жауап бердік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ТЖ кезінде кәсіпкерлерге біздің тарапымыздан қолдаулар көрсетілді. Пандемия кезінде бизнесті сақтап қалудың алгоритмін «Атамекен» ҰКП мемлекеттік комиссияға ұсынды. Қолдау табады деген сенімдеміз. Біз қазір кәсіпкерлермен тұрақты байланыста отырмыз. - деп атап өтті Бақытжан Майжеринов.
Эфир соңында жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт «Бизнес үшін ең маңыздысы – анықтық, ашықтық!» екенін атап өтіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, азаматтардың өтініштерінің барлығын мерзімінен кешіктермей қарайтынына сенім білдірді.
[xfvalue_img]
1 пікір