Неке құрудағы ата –баба дәстүрін жаңғырту

Неке құрудағы ата –баба дәстүрін жаңғырту

Саны жағынан көп болсақта, сапасы жағынан ақ патшалықтың отарынан шыққалы әлсірегеніміз анық. Қазіргі таңда отбасы берекесі, сапасы ұлттық мәселе болып тұр. Некелі болған жастардың алғашқы бес жылдықта көбісінің шырқы бұзылып, ажырасу жиілеп кеткені бәрімізге аян. Аталмыш мәселенің алдын алу, болдырмауға бағытталған шаралар да толық нәтижесін беріп жүрген жоқ. Осы орайда, отбасы құратын жастардың отбасы құрудағы ниетінің қандай екендігі, қандай жағдайда отбасылы болғаны маңызды рөл атқарады. Жастардың неке құруы тек қана жалаң махаббат негізінде құрылмауы керек. Иә, махаббатта өмірді нұрландыратын, сәуле шашатын ақ бұлтты, Абай жырлағандай «махаббатсыз дүние бос» деген сезім, алайда ата –бабаның тәжірибесі алтын қазық. Қазір таңда үйленер алдында, ата-ананың сөзі былай басталады: «қыз бен жігіт танысыпты, жарасыпты құдалықты не істейміз?», ал ата –бабаның сөзі былай басталушы еді: «бізде ұл ер жетті, сізде қыз бойжетіпті, жек жат болып, құда болсақ?» Осындай жолмен құрылған неке бекемді де берекелі болып, одан тараған ұрпақ өрісті әрі өркенді болушы еді. Бірде Төле би өзінің баласына: «Балам, келінді өзім таңдаймын, өйткені ердің бақыты әйел. Әйел жақсы болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретінде әйел, келтіретін де әйел. Сондықтан асықпай, келінді ел арасынан өзім іздеймін» деп, сөзге шешен болған, ісіне бекем болған Данагүл есімді келін алған екен. Міне, осындай ғұрыпты қайта жаңғырту қажеттілігі туындап отырған сияқты.

Біз баламызға киім таңдаған кезде, мамандық таңдаған кезде, қандай да бір шешім қабылдау кезінде әкелік, аналық парызымыз деп араласамыз, өз ойымызды білдіріп, соған насихаттаймыз. Ал,  өмірлік жар таңдауды өз еркіне беріп қоя береміз. Ажырасудың алдын алудың бірі ретінде саналы түрде құрылған неке деп қарастырсақ артық емес. Бүгінгідей емес, ажырасумен аты шықпаған, «қайтып келген қыз жаман» деп мақалдатқан қазақ елінің неке құрудағы әдептерін, салттарын ұстансақ болар еді.

Статистикалық мәліметтерді айтпасақ та белгілі жайт, қоғамда «жалғыз басты ана», «жетімдер», «толық емес отбасы» деген статустағы адамдар саны күн санап артып келеді, ал күнделікті өмірде осындай сөздер «тексіз», «шатақ», «әкесіз туған» немесе «әкесіз өскен»  деген ауыр сөздермен алмасып айтылуда. Осындай сөздер бала тағдырында, тұғырлы тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізері белгілі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, бекемді де берекелі отбасында өскен бала елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып өсуіне бірден бір сепбеп.

Қазып айтқан Қазыбек би :«жан серігің жас кезіңнен бәрнінен де әйелің жақын» деп айтқандай, ері әйелін, әйелі ерін ең жақыны болып, неке деген ұғымға тереңнен ой жүгіртіп, моншақты қыздар мен ұлтжанды ұлдардың алтын ұяларын берік сақтау керек.

 

Салтанат Асанова 

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық

сотының судьясы                                            

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.