ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы "Шығыс-Адалдық алаңы" тікелей эфирде болды
Ағымдағы жылдың 26 мамырында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында "Шығыс-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Серік Мамаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті.
Тікелей эфирдің тақырыбы: "Ішкі мемлекеттік аудит: Департамент қызметінің негізгі бағыттары" және мемлекеттің экономикалық саладағы реттеуші функцияларын тиімді жүзеге асыру қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды және жолын кесуді көздейді. Серік Мамаев, сенім артылған Департаментте ұстанатын мемлекеттік аудиттің тиімді жүйесінің болуы мықты демократиялық мемлекеттің өмір сүруінің қажетті, міндетті шарты және өңірдегі мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.
Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, Департамент материалдарды көбірек таратып, жариялау керек, мәселен: жаңа ережелерді сонымен қатар халықты уақытылы ақпараттандыру үшін мемлекеттік аудит саласында тиісті өзгерістер енгізу туралы өз кезегінде Маржан Бахыт ескере кетті.
Кері байланыс орнатылған тікелей эфирде мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бухгалтерлері, облысымыздың белсенді азаматтары қатысып, сөз сөйлеушілерге көкейкесті сұрақтарын белсене қойды.
Ескере кетсек, қоғамның жіті бақылауындағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың функционалдық мақсаты, экономиканың барлық салаларында ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
[xfvalue_img]