Сот ғимаратындағы қауіпсіздік шаралары
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сот ғимаратындағы қауіпсіздік шаралары» атты тақырыпта кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, аға сот приставы М.Кунаев Ақтөбе облысы МКҚБ ММ-нің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларына» тоқталып, сот объектілерде қауіпсіздік шараларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизмге және лаңкестікке қарсы тұру шараларын жүзеге асыру маңызына баса назар аударды.
Шараның соңында, қатысушылар объектілерде қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша сұрақтармен алмасты.
[xfvalue_img]
17 пікір