Бітімгершілік - биік адамгершілік іс

Бітімгершілік - биік адамгершілік іс

 

Халықтың сотқа сенімін арттыру – өзекті мәселе. Елімізде дау-дамайды тек сот арқылы ғана шешу керек деген көзқарас қалыптасқан, сәл дау туындаса, дереу сотқа жүгіреміз. Әрине сотқа жүгіну – заңды құқығымыз. Алайда сотқа жүгінудің жолын қарастыратын болсақ, біраз уақыт әуре-сар­саңға түсеміз. Іске нүкте қойылғанша бір емес, бірнеше сот отырысы өтуі мүмкін. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы сотқа жетіп жатады. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді. Сонымен қатар сот - үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейміз, сот шығынын өтейміз, жол қаражаты бар, заңгерлерді жалдаймыз. Сот - дау алаңы. Ондайда абырой-беделді, адамгершілік пен имандылықты жиып қойып, амал жоқ, айтысуға, таласуға, тартысуға мәжбүр боламыз. Көп жағдайда ашуға беріліп, бір-бірімізге ауыр сөздер айтамыз. «Ашу – дұшпан» дегендей, кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы мүмкін. Мұның алдын алу мақсатында дау туындағанда ең дұрысы, татуласу, келісу, бітімге, бір мәмілеге келу. Одан екі тарап та ұтады. Уақыт пен қаржы үнемделеді. Көршілестік, туыстық, достық қарым-қатынас нығаяды. Жүйкеге салмақ түспейді, абырой-беделіміз сақталады.

Дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуді сот ісін жүргізудің бірден бір міндеті ретінде бекіте отырып, судьяға арыз қабылдаған күннен бастап тараптарды татуластыру үшін тиісті шараларды қолданып, істі қараудың барлық сатыларында талапты түсіндіру жүктеліп отыр.

Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу азаматтық іс жүргізудің субъектілеріне тиімді және оң тұстары жетіп артылады. Біріншіден, дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпалды, екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындап жатады, ал сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі аталған рәсімдерді жасауға ықпал етіп, дауласушы тарапты ымыраға келтірері сөзсіз, үшіншіден татуласу рәсімдері тараптар арасындағы дауға ортақ келісіммен соңғы нүкте қоюдың алғы шарты, ал сот шешімі бір тарапты ғана қанағаттандыра алуы мүмкін, төртіншіден, бұл соттың және тараптардың уақытын, қаржысын үнемдейді. Бұл ретте айта кетерлігі татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылады. Тағы бір тиімділігі, сотпен бекітілген қандай да бір келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, тараптар атқару парағы арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы мәселені көтеруге құқығы бар.

Дау бойынша қол жеткізілген ортақ шешімді тараптар медиатордың қатысуымен медиативті келісім арқылы, немесе екі тараптың адвокаттарының қатысуымен партисипативтік келісіммен рәсімдеуге толық құқылы. Ал осы келісімдердің орындалмауы туралы мәселе орын алса, бір тарап оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен сотқа талап арызбен жүгініп, келісім ауқымында тиісті талабын қоюға құқылы.

Елімізде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламалары іске асуда. Өңірлерде соттан тыс татуластыру орталықтары ашылуда. Келушілер бұл жерде медиаторлардың, психологтардың, конфликтологтардың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін пайдалана алады.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қазақстан Республикасында даулы мәселені шешуде соттасудың тығырықтан шығатын жалғыз жол еместігін түсініп,  бітімгершілікті алдағы уақытта да кең қолданып, көпшілік тарапынан қолдау тауып, бітімгершілкке келушілердің санының артуы - өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының судьясы                                               

Ж.А.Кунаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив