Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшеюде

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшеюде

Елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу бағытындағы міндеттер белгіленген  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары күшіне енді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтің мәртебесі жоғарлап, оларға талаптар күшейтілді. Жемқорлықпен күрес және оны алдын алу жаңа сатыға көтерілді.Сонымен қатар, осы реформалардың аясында мемлекеттік қызмет саласында тәртіптік және этикалық бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Ұлт жоспарының 12 қадамын жүзеге асыру аясында мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданған. Бұл Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің  қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын бекітті.

Әдеп кодексi Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру аясында бекiтiлген және халықтың мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Аталған кодекс мемлекеттiк қызметтiң құндылықтары мен принциптерiн бекiте отыра, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет уақытында ғана емес, сонымен бiрге күнделiктi өмiрдегi мiнез-құлық стандартын белгіледі.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiлер жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиiс. Мұндай жат мiнез-құлық жасаған жағдайда мемлекеттiк қызметшiнің тиiстi тәртiптiк жауапкершiлiгі көзделген.

Сондай-ақ, «Халық қызметшісі» қоғам арасынан сын тудыруы мүмкін кез-келген іс-әрекеттерге, соның ішінде шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратуға жол бермеуі, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде автокөлік құралдарын, қызмет тәртібін сақтауға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға қатысты талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Кез келген жұмыстың нәтижелiлiгi ұжымда қалыптасқан өзара қарым-қатынас мәдениетiмен байланысты екені белгілі. Сондықтан Кодексте мемлекеттiк органдардағы сындарлы моральды-психологиялық ахуалдың қалыптасуына аса маңызды рөл бөлiнген. Барлық мемлекеттiк қызметшi, бiрiншi кезекте басшылар ұжымда iскерлiк қарым-қатынасты нығайтуға мүмкiндiк жасап, әрiптестерiнiң намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiби қасиетiн талқылаудан тартыну қажет. Ал, мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлықының белгiленген стандартын қатаң түрде сақтауы мемлекеттiк аппаратқа деген халықтың сенiмiн жоғарлатуға жағдай жасайды. Сондықтан, ол әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң алдында тұрған басты мiндет.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді. Оған сәйкес, әр мемлекетттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы пайда болды.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз функцияналдық міндеттері шегінде мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету, түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг пен бақылау жүргізу сияқты жұмыстарды жүзеге асырады.

Әдетте, әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды және бұзылған жағдайда оны қалпына келтіруді, мемлекеттік қызметші тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық фактілерін  анықтаған жағдайда, кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы қызметтік жазба жолдауды, мемлекеттік қызметшілері арасында тәртіп, сыпайлық, бір-біріне құрметпен қарау қағидаларын жетілдіру арқылы өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орган­ның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеу­лі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным біл­діреді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлықты ұлт­­тық құндылыққа жат құбылыс ре­­тінде сезіну, қабылдамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетін қалыптастыру жұмысына да өз үлесін қосады.

Елбасы Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамында да мемлекеттік аппараттың әлеуетін одан әрі дамыта түсуге көңіл бөлген. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту басты мақсаттың бірі еді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Өйткені, ол кез келген мемлекетке кері әсерін тигізетін қауіпті дерт.

Осыған орай, бүгінгі күні мүдделі органдармен  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ондай құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жолын кесу және олардың салдарларын жою сияқты тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы - посткеңестік кеңістіктегі дамуының бастапқы кезеңінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске үлкен назар аударған алғашқы мемлекеттердің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың ең үлкен қаупі,  ол бүкіл қоғамға әсер ететіндігінде және кейбір адамдардың құқықтары мен пайдасына басқа адамдардың құқықтарының бұзылуына әкеледі.

Сол себепті, мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Оған қоса, әрбір азамат республикамыздың өркендеуіне,  дамуына үлес қосуы өз міндеті деп білу қажет және ұстанымына айналуы тиіс.

Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің  адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, біздің міндет – тиісті деңгейде халыққа қызмет етіп, елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет.

 

Әскери соттың әкімшісі

басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл                                                                              

Б.Саутов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.