Петропавлда полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа әдісін қолданды

Петропавлда полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа әдісін қолданды

https://youtube.com/shorts/kom6dl4U28U?feature=share 

Петропавлда жол апаттарын азайту мақсатында полицейлер жолды тарылту әдісін пайдаланды. 7 сәуір күні кешкі уақытта Жұмабаев көшесінде, университеттің 6-шы корпусының қарсысында ақ-сары түсті конустар мен уақытша жол белгілері орнатылды. Бұл жүргізушілердің назарын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Сонымен қатар көлік ағынын баяулату тәртіп сақшыларына көліктерді іріктеп тексеруге мүмкіндік береді. 

Үш айда Солтүстік Қазақстан облысында 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 69-ы Петропавл қаласында орын алып, 95 адам зардап шекті. Жол апаттарының басым бөлігі (67 дерек) қиылыстардан өту қағидаларын бұзудан болған. Жұмабаев көшесінің Абай көшесімен қиылысы алдындағы жолдың тарылтылуы жүргізушілерге қырағылықтың маңызын еске салды. 

Сонымен қатар қалада қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының экипаждары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары «Қорғау» мобильді қосымшасын, жедел басқару орталығының бейнебақылауын, дрондарды және жасырын патрульдеуді белсенді қолданды. Қаладан шығатын бағыттарда жүк көліктері тексерілді. 

Сағат 19:00-ден түн ортасына дейін тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқарған жүргізушінің жолын кесіп, маневр жасау қағидаларын бұзуға байланысты 3 апатты жағдайдың алдын алды. Ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар — көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және қауіпсіздік белдіктерін тақпау, бұл ауыр салдары бар жол апаттарының қаупін едәуір арттырады. Жалпы 40-тан астам жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Заңсыз қайта жабдықталған бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

Іс-шараның мақсаты — жүргізушілердің тәртібін арттыру. Негізгі назар жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге аударылған. Жұмыс 7–8 сәуір аралығында республика көлемінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген ауқымды рейдтік іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.