СҚО полициясының бастығы арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің дайындық деңгейін тексерді

СҚО полициясының бастығы арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің дайындық деңгейін тексерді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жусупов жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен оқу-жаттығу взводының орналасу орындарын тексерді.

Облыстық полиция басшысы кезекші бөлімнен бастап, киім ауыстыратын бөлмелер мен спорт залына дейін барлық үй-жайларды жеке өзі аралап көрді. Сондай-ақ қару-жарақ пен автопарктің бір бөлігін тексерді. Жеке құраммен кездесу барысында Абай Жусупов полицияның арнайы бөлімшелерінде қызмет ететін қызметкерлер әрдайым жоғары физикалық дайындықта болуы, сондай-ақ күрделілігі жоғары міндеттерді бөлімше құрамында орындауға моральдық және психологиялық тұрғыдан дайын тұруы қажет екенін ерекше атап өтті. Қажет болған жағдайда дәл осы жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері ең күрделі учаскелерге, күштік операциялардың алдыңғы шебіне жіберіледі.

Полиция департаментінің бастығы қызметкерлердің әлеуметтік қолдау мәселелері, олардың психологиялық жағдайы мен қызмет нәтижелілігі өзінің жеке бақылауында болатынын айтты. Кездесу соңында ол әріптестеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметтік міндеттерін орындауда жаңа жетістіктер тіледі.

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.