Ішкі істер министрлігі есірткінің алдын алу науқанын бастайды

Ішкі істер министрлігі есірткінің алдын алу науқанын бастайды

Жаңа оқу жылында Ішкі істер министрлігі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беру бойынша республикалық акцияны бастайды.

Қыркүйек айында барлық оқу орындарында полицияның негізгі қызметтері басшылығының қатысуымен кездесулер өткізіледі. Мұнда жоғары сынып оқушылары мен студенттерге қылмыстық жауапкершілікке әкелетін мінез-құлық түрлері туралы ақпарат беріледі.

– Өз бетінше өмір сүре бастаған жастар есірткіні таныстарының өтініші бойынша уақытша сақтау немесе тасымалдау, граффити-жазуларын салу, хабарландырулар немесе QR-кодтар тарату, форумдарда, мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар посттар орналастыру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің туындайтынын түсінуі маңызды, -деп атап өтті ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Алғашқы кездесуді елордалық IT университетінде бейінді департамент қызметкерлері өткізді. Жоғары оқу орнының оқытушылары мен әкімшілігіне студенттер қатысуы мүмкін құқық бұзушылықтардың түрлері, университет қабырғасында және жатақханаларда есірткіні жарнамалау және тарату тәсілдері, студенттердің есірткіні қолдану белгілері туралы айтылды.

– Бұл тақырып қалаға жаңадан келген және есірткіні тарату немесе жарнамалау арқылы жеңіл табыс табуға тартылуы мүмкін бірінші курс студенттері үшін өте маңызды. Сондықтан осы университеттегі келесі қадам 1-2 курс студенттерімен кездесу болады. Біздің мақсатымыз – ақпаратты студенттердің 100%-на жеткізу, – деп түсіндірді ведомствода. Бұл жұмыс оқу жылы бойы жалғасады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив