Елордалық полиция департаменті тәлімгерлер кеңесі жұмысының қорытындысын шығарды
Елордалық департаментте Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтіп, онда 1-ші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым мақсаттар мен міндеттер қаралды. Жиналғандар алдында Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы полиция полковнигі Арыстанов Кеңес Жұмаханұлы сөз сөйледі.
Тәлімгерлер кеңесі алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және құрамына департамент пен ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагерлері кіреді.
Ардагерлер ұйымымен, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен, оның ішінде жас қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
Бұл іс-шараға жас полицейлер, сонымен қатар бөлімшелерге куратор болып тағайындалған ардагер тәлімгерлер қатысты.
Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша жас қызметкерлерді қызметтік қызметке бейімдеу, елордалық полиция қызметкерлерін Антқа адалдық, халқы мен еліне аянбай қызмет ету рухына тәрбиелеу бойынша Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ортақ міндеттер қабылданып, ішкі істер органдарының даңқты дәстүрлерін сақтау басты бағытқа қойылды.
Жиын еңбегі сіңген ардагер тәлімгерлерді алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір