СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың кең тараған әдістері туралы фильм түсірді

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың кең тараған әдістері туралы фильм түсірді

https://youtu.be/KHbvJqv98ds

Алаяқтық қылмыстың жеке түрі ретінде мың жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқанын білесіз бе? Желілік алаяқтардың айла-тәсілдерін әшкерелей аласыз ба? Сіз қылмыскерлерге банктік картаңызды бергеніңіз үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін екенін білесіз бе?

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілдері «Путь обмана» фильмінде осы және басқа да сұрақтарға кеңірек тоқталды. Нақты фактілерге негізделген актерлардың өнерін тамашалайтын көрермендер интернеттегі алаяқтықтан қорғану жолдары туралы біле алады. Фильмнің түсірілуіне СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының басшылығы бастамашылық етті.

«Ең кең тараған қылмыстардың алдын алудағы осындай шаралар бүгінгі күннің талабы. Біз барлық қажетті ақпаратты бір фильмге тоғыстырып, жаңа форматта жеткізуге тырыстық. Көрермендерге қызықты болады деген сенімдеміз», - дейді аталған бөліністің бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Аталмыш жобаның сценарийін жедел уәкіл Милена Балацкая жазды. Полиция қызметкері кино өнерін зерттеп, атақты Квентин Тарантиноның әдістерін қолданудан бастады. Фильм әйел-полицей таңдаған әсерлі музыкадан басталады.

«Бала кезімнен классика жанры ұнайды. Түрлі мелодияларды тыңдап, көптеген идеялар ойыма келді. Соған сүйене отырып, сценарий жаза бастадым. Түсірілімге, монтажға жарты жылдай уақыт кетті. Қиын болғанымен, ерекше қызығушылық оятты. Мемлекеттік органдардағы бөліністердің басшылары, «Qyzyljar» телеарнасының кәсіби мамандары, түсірілім алаңдарын ұсынған пәтер бюроларының әкімшілері және рөлдерде ойнап, дыбыстық сүйемелдеу жасаған петропавлдық театрлардың қызметкерлері үлкен көмек көрсетті», - дейді Милена.

Жарты сағаттық фильм 14 мамырда, «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде солтүстікқазақстандық полицияның ресми YouTube-арнасында жарияланды. Іс-шараның алғашқы күнінде СҚО полицейлері құқыққа қайшы контенті бар интернет-ресурстардың 20 сілтемесін анықтап, 6 қылмысты ашты. Оның ішінде 5 алаяқтық және 1 интернет-ұрлық.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.