Су тасқынынан зардап шеккен аудандарға қосымша 1200-ден астам әскери қызметші жіберілді

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарға қосымша 1200-ден астам әскери қызметші жіберілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы төтенше жағдай аймағында. Тасқыннан зардап шеккен аудандарға қосымша 1200-ден астам әскери қызметші көмекке жіберілді.

Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі су басқан өңірлерге көмек көрсету үшін Ұлттық ұланның 1200-ден астам жауынгері жіберілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін батыс өңірлердегі жағдай басты мәселе ретінде қаралды.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмектесу үшін Ұлттық ұланның күштері мен құралдары жіберілді. Үкімет басшысы облыс әкімдіктеріне келетін әскери қызметшілерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ техникаға жанармай құю мәселесін шешуді тапсырды. Мынадай әскери бөлімдердің жеке құрамы мен техникалары қосымша күш ретінде жіберілді: 6506 әскери бөлімінен (Шымкент қ.) 300 әскери қызметші мен 15 автомобиль Қызылорда арқылы жолға шықты, оларға кейін 5547 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшісі қосылды және одан әрі олар Орал қаласына дейін теміржол көлігімен 1500 шақырымнан астам жол жүріп өтеді. Шымкент жедел бригадасының су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі жиынтық отрядын тыл бойынша құрама командирінің орынбасары Сағдат Қапашев басқарды.

– Ел үшін қиын уақытта барлығымыз қолда бар күшіміз бен құралдарымызды қолдаунуымыз керек. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін бар күшімізді саламыз, – деді Сағдат Қапашев.

Сонымен қатар 5451 әскери бөлімінің (Қарағанды қ.) 500 әскери қызметшісі мен 18 автомобилі теміржол көлігімен Атырау қаласында болып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысу үшін жіберілді. Жолдың ұзақтығы 2100 шақырымнан асады.

Сондай-ақ елордалық Ұлттық ұланның жедел бригадасының 200 әскери қызметшісі Астанадан Петропавлға дейін 7 техникамен бара жатыр. 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы су басқан елді мекендердің көшелеріндегі баспаналарды ұры-қарыға тонатпас үшін Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жауынгерлік қызмет атқарады.

Айта кетейік, жалпы алғанда, Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері мен 120 техникасы және авиа транспорттары еліміздің барлық су басқан өңірінде белсенді көмек көрсетіп жатыр. Олар су басқан кенттер мен қалаларда патрульдеу арқылы тұрғындардың жеке мүліктерін қорғауды қамтамасыз етуде, жағалауды нығайту жұмыстарына қатысуда, су тасқыны болған елді мекендерде су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырып жатыр. Бұдан бөлек, адамдарды, жануарларды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстарымен де шұғылданып жүр.

Бүгінде құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асатын арықтарды тазартып, инертті материалдары бар 233 мыңнан астам қапшық дайындады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.