ІІМ-нен арнайы тексеруші топ Түркістан облысына іссапармен барды
Түркістан облысындағы “Цифрлы Қазақстан”, “Цифрлық полицей” мен “Полицияның сервистік модельге көшуі” негізінде жүргізіліп жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында, ҚР ІІМ мен басқа да мемлекеттік органдардың арнайы тексеруші тобы (цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҰҚК, Бас прокуратура, қаржы министрлігі және т.б) ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен өңірге іссапармен барды.
ІІМ-нің өкілдері бірінші кезекте полиция департаментінің Жедел басқару орталығына келіп, мұндағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыс жолдарындағы, білім беру орындары мен бала бақшалардағы бейнекамералардың іске қосылуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысты. Одан әрі департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар, көліктердің жұмысын бақылады.
Сондай-ақ департамент қызметкерлерінің сандық технологияны меңгеріп, қағазбастылықтан арылу бойынша жасап жатқан қызметтерін қарап шықты. Яғни тергеу саласының, криминалистердің, кадр мен басқа да құрылымдардың цифрландыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарын пысықтады.
Облыс тұрғындарына қолайлы, ашық болу мақсатында ашылған сервистік орталықтың жұмысымен танысып, қолданысқа жаңадан енген ІІМ-нің бағдарламаларының қолданылуын тексерді. Одан әрі делегация халыққа қызмет көрсету орталығына, одан әрі Кентау қаласындағы полиция бөлімі кіші ЖБО жұмысын бақылады.
Жалпы, облыстағы полицейлердің жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, қолдануын тексеру шарасы Шымкент қаласында жалғасты. Мұнда тексеруші топ қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің жұмысын тексерді.
– Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформаның негізгі құрамдас бөлігі. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс ең алдымен заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға бағытталған, – деді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары С.Сәрсенов.
[xfvalue_img]