Прокуратура күніне орай салтанатты жиын өтті

Прокуратура күніне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының прокуратура күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Бас Прокурор Берік Асылов бірінші кезекте заңдылық пен әділдікті қорғаған прокуратура органдарының ардагерлеріне алғысын білдірді.

«Бүгін біз кәсіби мерекемізді атап өтіп қана қоймай,  прокуратура саласының іргетасын қалаған  аға буынның бізге қалдырған өшпес ізін бүгінгі мақтан етерлік  тарих екенін мойындаймыз. Бұл Заңға адал қызмет етудің, азаматтардың құқықтарын әділ қорғаудың және  әділеттілік үшін табанды күрестің жауапты да игі  жолы», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Бас Прокурор Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға, оның ішінде құқық қорғау тетіктерін нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтауға тоқталды.

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокуратураның азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және қылмыстық процестегі репрессивтілікті төмендету, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, бизнесті қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөнінде басқа да мәселелері бойынша үйлестіруші рөлін күшейтудегі маңызды қадам болды.

Прокурорлық қадағалау мемлекет пен қоғам өмірінің барлық бағыттарын қамтиды. Күн сайын тексерулер жүргізіледі, заңнама нормаларын сақтау бойынша  мемлекеттік органдардың актілеріне талдау жасалады. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады.

Атқарылған жұмыстарды атап өтіп, Берік Асылов әріптестеріне өз қызметтік борыштарына адалдық  танытқандары үшін алғысын білдірді.

Ол қоғамның түрлі салаларында азаматтардың құқықтарын қорғаудың  кепілдіктерін одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне табысты қол жеткізуіне сенім білдірді.

Бас Прокурордың бұйрығымен мінсіз қызметі мен міндеттерін үлгілі орындағаны үшін 450 қызметкер марапатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.