Петропавлда жас полицейлер тергеу изоляторына экскурсияға барып қайтты
Тергеу изоляторына экскурсияны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті кадр саясаты басқармасының психологтары жас полиция қызметкерлеріне арнап ұйымдастырды. Петропавл қаласы полиция басқармасының әр түрлі қызметтері мен бөлімшелерінен 20-дан астам офицерлер мен сержанттар облыстық орталықтың Заречный кентінде орналасқан СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесіне барды.
Учаскелік инспекторлар, криминалистер, штаб қызметкерлері, полицейлер-жүргізушілер және т.б. — қызмет өтілі 5 жылдан аспайтын 26 қызметкер тергеу изоляторына экскурсияға шақырылды. Экскурсияға қатысушыларды СҚО ПД кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Майер және кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор-психологы полиция подполковнигі Ләззат Ділдабаева алып жүрді. Жас полицейлердің өздері мойындағандай, бұл экскурсия олардың әрқайсысына үлкен әсер қалдырды және ұзақ уақыт есте қалатын болады.
"Жеке құрам арасында тәртіпті қатаң сақтау — басшылықтың тұрақты бақылауында", — деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова. - Мұндай нысандарға бару біздің қызметкерлерге полиция қызметкерінің мәртебесін беретін жауапкершілік пен сенім туралы тағы бір рет ойлануға негіз береді. Осы және басқа да іс-шаралармен біз жеке құрамға заңдылықты мүлтіксіз сақтау қажеттілігін жеткіземіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, антты сақтауды, халыққа және мемлекетке адал қызмет етуді сіңіреміз".
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]