ІІМ каннабис тобының есірткісін өсіретін екі фитолабораторияны құрған қылмыстық топты жойды

ІІМ каннабис тобының есірткісін өсіретін екі фитолабораторияны құрған қылмыстық топты жойды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Алматы қаласының полиция департаменті жылдам қимылдайтын және “Арлан” арнайы жасақтарын тарта отырып, қалалық ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен марихуана мен гашишті аса ірі мөлшерде өсірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі бар өсімдіктерді еліміздің оңтүстік астанасы мен оған жақын аудандарда өсіруді және өткізуді жолға қойған. Қылмыстық әрекеттерді бақылау және тіркеу полицейлер үшін қиынға соқты. Себебі есірткі тексеруден өткен тапсырыс берушілерге ғана жеткізілген. 

Арнайы құрылған жедел-тергеу топтары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 14 адамды ұстады. Бір уақытта қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып, тінту жүргізілді. Әр үйде есірткі заттары табылып, тәркіленді. Алматы облысының Бәйтерек кетінде ұсталғандардың біріне тиесілі жеке үйді тінту кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты шамдар орнатылған қосалқы үй-жай табылды. 32 қарасора бұтасы тәркіленді.

Екінші зертхана Алматыдағы жеке үйдің жертөлесінде анықталды. Ол жерден құрамында есірткі бар қарасора бұталары, тұқымдар, кептірілген марихуана салынған орамалар және өсімдіктерді өсіруге арналған жабдықтар тәркіленді. Ұсталған сәтте қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы есірткілік масаң күйде болған. Операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 40 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тәркіленген қарасора тұқымы, оны өсіруге арналған жабдық, ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, қылмысқа пайдаланылған ұялы телефондар да қоса тіркелді.

– Есірткі бизнесіне қатысушылар есірткіні өсіру мен заңсыз айналымынан басқа ҚР ҚК-нің 262-бабы “Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу” бойынша тергелетін болады. Жаза мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп хабарлады ІІМ.

Полиция есірткі заттарына байланысты кез-келген іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді. Егер сізге “оңай табыс табу” туралы ұсыныс түссе немесе қылмыстың куәсі болсаңыз, 102 арнасына дереу хабарлауды сұраймыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/599346?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.