Бас прокуратурада мемлекеттік айыптаушылардың Форумының ашылуы өтті
Бас прокуратурада 2023 жылдың 25 мамыр күні мемлекеттік айыптаушылардың Форумы өтті.
Шараға Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы және Конституциялық соттың, республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, заңгер ғалымдар және аймақтардағы прокуратура қызметкерлері қатысты.
Форумды ашқан Бас Прокурор Берік Асылов, Мемлекет басшысы прокуратура органдарына қылмыстық процесстегі заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше жауапкершілік жүктейтінін және азаматтардың қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеуді атап өтті.
Ерекше назар мемлекеттік айыптаушылардың құқық қорғау рөліне аударылған болатын. Прокурорлар айыптау жағын ұстанбаулары қажет. Олардың негізгі мақсаты - сотқа сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендегін анықтауға көмек беру.
Мемлекеттік айыптаушы сотта әділ, объективті және бейтарап болуға міндетті.
Бас прокурор аталған шараның мақсаты ретінде сотта мемлекет мүддесінің функциясын тиімді жүзеге асыратын, жоғары білікті, тәжірибелі прокурорларды дайындаудың тетіктерін әзірлеуді белгіледі.
Өз кезегінде, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Е.Н.Жиенбаев, Жоғарғы Сот төрағасы А.А. Мергалиев және қонақтар форумға қатысушыларға құттықтау сөздерін және тілектерін білдіріп, аталған шараның маңыздылығын атап өтті.
Қылмыстық процесстегі тараптардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемалары, алқа билер сотының институтын кеңейту және қылмыстық сот өндірісіндегі өзекті сұрақтар бойынша соттар, адвокаттар, заңгерлер және прокурорлар баяндама жасады.
Шараға қатысушылармен өзекті проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланды.
Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік айыптаудың сапасын және тиімділігін арттырудың ұсыныстары дайындалды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
57 пікір