Өскемен полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қылмыстарға жол бермеу мақсатында полицейлер тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Мәселен, Өскемен қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Алена Мокинаға әйел адам азаматтық некедегі жұбайына шағымданып, ішімдік іштен күйеуі отбасында жанжал шығаратынын айтқан. Отбасылық құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырыды, ол бойынша сот отырысының шешіміне сәйкес ескерту түрінде жаза қолданылды және 1 жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылды.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, онда сіз дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102" каналына хабарласуыңыз керек.
Сондай-ақ, егер сіз өзіңіздің жақындарыңызға, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз, шетте қалмауды және құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз, осылайша Сіз біреудің өмірін сақтай аласыз!
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]