Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қашып кеткен кәмелетке толмаған баланы тапты
2 сағат ішінде тәртіп сақшылары жасөспірімді тауып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қайтарды.
2022 жылғы 26 қыркүйекте Өскемен қаласы ПБ кезекші бөлімінің "102" каналына "КТБО" КММ директорының орынбасары болып табылатын мазасыз 59 жастағы әйел жүгініп, кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің 2022 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:20 шамасында тынығу уақыты кезінде орталықтан шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткенін хабарлады.
Сигнал алған полицейлер дереу жоғалған 13 жастағы жасөспірімді іздеуге кірісті.
Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жас жігіттің тұрған жері анықталды. Ол Аблакетка аймағында азық-түлік дүкенінің жанында табылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені анықталмады, жасөспірім орталыққа қайтарылды.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір