Елордалық полицияда қарақшыны ұстаған елорда тұрғыны мен учаскелік инспектор марапатталды
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев қарақшыны ұстаған елорданың ержүрек тұрғынын және учаскелік полиция инспекторын марапаттады. Департамент бастығының бұйрығымен елорда тұрғыны Қанат Хасенов пен "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров бағалы сыйлық қол сағаттарымен және грамотамен марапатталды.
"Белсенді азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігі үшін елорда тұрғынына алғысымды білдіремін. Полицейлер үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету - қызметтік парыз болып табылатынын атап өткім келеді", - дейді Марат Төлебаев.
Естеріңізге сала кетейік, күндізгі уақытта Ғабдулин көшесінде белгісіз ер адам елорданың 61 жастағы тұрғынына шабуыл жасап, ақша мен құжаттары бар әмиянынан тартып алған. Қылмыстың куәгері болған 37 жастағы елорда тұрғыны Қанағат Хасенов, бірден тонаушыны қуа жөнелген. Қылмыскерге қуып жетіп, оны жерге жыққан. Осы уақытта өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүрген "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров күдіктіні ұстаған.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір