Ұлттық ұланның авиациясы екі жаңа тікұшақпен толықты

Ұлттық ұланның авиациясы екі жаңа тікұшақпен толықты

“Қазақстан авиациялық индустриясы” ЖШС базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясына сатып алынған екі жаңа жаңғыртылған Ми-171Е көпфункционалды тікұшағының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Нұрболат Топаев қатысты. Сондай-ақ “Вертолеты России” және “Улан-Уденский вертолетный завод” Акционерлік қоғамдарының өкілдері болды.

Тұсаукесер рәсімінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық ұланның сандық және сапалық жағдайына ерекше мән беріліп отырғанын тілге тиек етті.

“Бүгінгі таңда әскер авиация Ми-171Е көпмақсатты тікұшақтармен толықтырылып жатыр. Бұл тікұшақтар әскери қызметшілерді, қару-жарақ пен басқа да әскери техниканы ауа райының қиын жағдайларында тасымалдауға арналған. Әуе кемесінің ішіндегі заманауи жабдықтар барлау, патрульдеу, іздестіру-құтқару жұмыстары, эвакуациялау, жерден де, ауадан да десанттау бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бұл біздің әуе паркіміздің жасақталуын арттырады, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау мүмкіндіктерінің спектрін айтарлықтай кеңейтеді. Ең бастысы бұл авиациялық техникалар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қажеттіліктеріне арналған №405 авиажөндеу зауыты тікұшақтарының алғашқы шығарылымы екенін атап өткім келеді”, – деді полиция генерал-лейтенанты.

Шара барысында қысқаша экскурсия өткізіліп, тікұшақтарды таныстыру бағдарламасы шеңберінде қонақтар ойларымен бөлісті. Сондай-ақ әуе кемелерінің мүмкіндіктері жөнінде танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, салтанатты жағдайда ленталар қиылды. Жиналған қауым тікұшақтарды қарап шықты. Екі ВК-2500 турбовальді қозғалтқышы бар Ми-171Е әскери-көліктік тікұшағы адамдарды және әртүрлі жүктерді жүк кабинасында тасымалдауға, ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада тасымалдауға, сондай-ақ жету қиын жерлерде арнайы жұмыстар жүргізуге арналған. Тікұшақ бес жүзді тірек және үш жүзді рульдік бұрандасы бар бір бұрандалы схема бойынша жасалған. Айтып өту керек, алғаш рет экипаж бен техниканы қорғау мақсатында тікұшаққа бронеплиталар орнатылған.

Жалпы айтқанда, Ми-171Е тікұшағының жабдықталуы максималды жылдамдығы мен ұшу ауқымын, сыртқы аспадағы жүк көтергіштігін арттыруға, сондай-ақ биік таулардағы тығыз ауада және жоғары температура жағдайында ұшуларды сенімдірек етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық ұланының авиациясы балансында Ан-74, Ан-26, Y8 ұшақтары және Ми-8, Ми-171 тікұшақтары бар.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/378761?lang=kk 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.