СҚО-да полицейлер бір табын жылқыны ұрлау фактісін ашты
Сәуір айында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тұрғынының еркін жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалды. Шығын шамамен 10 миллион теңгені құраған. Тұяқтылардың иесі біраз уақыт бойы жылқыларын өз күшімен іздеген, полицияға айдың соңында жүгінген. Аудандық полиция бөлімінде іздеумен қатар, мал ұрлығы бойынша түрлі нұсқаларды қарастырумен айналысқан 4 топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қылмысқа қатысын тексерді. Бір апта өткеннен кейін қылмыстың мән-жайы ашыла бастады. Ұрланған жылқылар «КамАЗ» көлігімен Қостанай облысына жеткізіліп, сол жақта сатылғаны анықталды. Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық жылқылар алынып, иесіне қайтарылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]