Жамбылдық полицейлер теміржол өткелдерін күтіп ұстауда 75 заң бұзушылықты анықтады
Жамбыл облысының аумағында автомобиль жолдарымен қиылысатын 73 теміржол өткелі бар, оның ішінде 46 реттелетін және 27 реттелмейтін.
"Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 48 теміржол өткелінің пайдалану жағдайын тексерді, тексеру барысында оларды күтіп-ұстауда 75 ақау анықталды. Өткелдерге қызмет көрсететін мекеме басшыларына оларды жою үшін 40 ұйғарым берілді", - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.
Темір жол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша 16 лауазымды тұлға: "ҚТЖ" ҰК АҚ-ның 11 қызметкері және 5 заңгерлік кеңсесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
[xfvalue_img]