Мемлекеттік қызметкерлер тергеу изоляторына келді.
Бүгін Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен, ЗК-169/1 тергеу изоляторына мемлекеттік қызметкерлер келді. Басты мақсат: мемлекеттік қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Профилактикалық шаралардың тиімді құралы ретінде бұл қызметкерлерге қылмыс жасаған адамдардың ұсталу шарттары таныстырылды.Олар камераларды көзімен көріп, қамаудағылардың ұсталу жағдайымен танысты.Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша қамаудағылардың ұсталу жағдайы бәріне бірдей.
- Сыбайлас жемқорлық баптары бойынша келіп түскен қамаудағы азаматтарға өзгелерден бөлек жағдай жасалмайды. Мұнда күн тәртібі бәріне бірдей. Кезекпен серуенге шығып, режим бойынша тамақтанып, белгіленген уақытта туыстарымен кездесіп отырады. Әрине,камераларда үйдегідей жұмсақ жиһаздар жоқ. Екі ярусты темір төсек, темір кружка, қалайы қасық, тор терезе, есіктегі кішкене саңлаудан қырағы бақылаушы күні бойы қарап,қимыл іс- әрекетіңді қалт жібермей қарап тұрады. Оның үстіне барлық жерде бейнебақылау орнатылған. Қылмыстары бойынша күдікті не айыпты деп танылғандар сот шешімі не аппеляция шешімі шыққанша осында болады. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге дейінгі сотталғандар осындағы шаруашылық бөліміне қалдырылады. Қорыта айтқанда, қылмысыңа қарай заңмен жазаланасың- деп, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Олжабаев келген азаматтарға қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қызылорда облысы Қылмыстық –атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]