Пробациялық бақылаудағылармен кездесу өткізілді
Аудандық прокуратураның бастамасымен қадағалау аумағындағы пробация бақылауына алынған тұлғалармен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, полиция, пробация қызметі, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың өкілдері және сот орындаушысы қатысты.
Шара барысында есептегі тұлғаларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, оларға әлеуметтік көмектер көрсету, қайтарымсыз гранттар рәсімдеу, жұмысқа орналастыру мәселесі кеңінен талқыланды.
Ағымдағы жылы пробация бақылауындағыларды жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдармен белгіленген квотаны толық орындау қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында оның салдары туралы толық түсіндірулер жүргізілді.
Еркін форматта өткен кездесуде тұлғалардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасып, саладағы мәселелер жан жақты талқыланды.
Мәжіліс қортындысымен тиісті уәкілетті органдарға нақты шаралар белгілеп, бірлескен тәртіпте тиімді жұмыстар атқару тапсырылды.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковниги Е.Әбілдаев
[xfvalue_img]
29 пікір