СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға шақырады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 1 370 900 теңгеге 7 адамды көтермеледі.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасына байланысты айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10%-ын ала алады. Бірақ жоғарғы сыйақы 4 000 АЕК-тен аспайды яғни 12 252 000 теңге.
Өңір тұрғындары сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 CALL-орталығына (республика бойынша қоңырау шалу тегін) хабарлай алады немесе аумақтық департаментке хабарласа алады. Мемлекетпен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау бойынша барлық шаралар қарастырылған.
[xfvalue_img]
36 пікір