Кентауда 42 адам рақымшылыққа ілікті

Кентауда 42 адам рақымшылыққа ілікті

Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 42 сотталған рақымшылыққа ілінді. Яғни оның кейбірі жазасының өтелмеген бөлігіген босатылса, біраз сотталған азаматтың белгілі бір мерзімдері қысқартылды.

- 2021 жылы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы № 81-VII заңы қабылданды.

«Жалпы заң жобасының мақсаты ұсақ құқық бұзушылық және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны өтеуден босату, сондай-ақ кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту болып табылады. Түркістан облысы, Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар, пробациялық бақылау мерзімі ішінде сотталған сот жүктеген міндеттерді бұзбай, оң мінез-құлық танытты. Көпшілік бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған адамдардың жазасы жеңіл деп қарайды. Кейбірі, сот жүктеген міндетті орындамай, көрсеткен мекен-жайда болмай, тіркеуге келмейтіндер де кездеседі. Әрине, заңға бағынбаған адамға бірінші ескерту береміз, ал екнші мәрте заңды бұзса іс сотқа жолданады. Жазасын бостандықта жүріп өтеп жүрген адам, заңға бағынбаса, жазасының өтелмеген бөлігін абақтыда өткізеді. Мемлекет тарапынан рақымшылыққа іліккен адамдарға өздерінің құқықтарын түсіндірудеміз. Алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайды деген ойдамыз», - деді Кентау қалалық пробация бөлімінің ювенальды әділет тобының инрспекторы әділет аға лейтенанты Жәнәлі Утешов.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кіріскенен бері халықтың көкейінде түрлі сауалдар туындады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сүйенер болсақ, осы 30 жыл ішінде елімізде 8 мәрте рақымшылық жасалған. Соның кейінгі төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалған екен. Мемлекет тарапынан осындай мүмкіндікке ие болған сотталғандар бостандықтың қадірін түсініп, қайта қылмыс жасамаса екен дейміз.

«Мемлекет тарапынан рақымшылық жасалып, осындай үлкен мүмкіндік беріп, осы мүмкіндікке ілікеніме өте қуаныштымын. Кентау қалалық пробация қызметі біздің қылмыс жасамай, жақсы адам болып қалыптасуымызға барынша өз үлестерін қосып келеді. Алдағы уақытта заңды бұзбай, қайта қылмыс жасамауға тырысамын»  - деді сотталған Берік есімді азамат.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.