Жамбыл облысының жолдарынан 327 ақаулықтар анықталды
Биылғы қаңтар айында Жамбыл облысының автожолдарында 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жалпы, жолдағы қауіпсіздіктің жай-күйін белгілейтін негізгі фактор – көлік жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев айтты. Ол Жамбыл облысының автожолдарында 27 апатты-қауіпті учаскелер анықталғанын да атап өтті. Мұның 16-сы республикалық маңызы бар автожолдарда болса, 5-еуі облыстық маңызы бар автожолдарда, қалғаны Тараз қаласының көшелерінде.
«Жамбыл облысы Полиция департаментімен жол жүру қауіпсіздігіне әсер ететін жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерді жою бойынша жұмыстар атқарылуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты төмендету мақсатында Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстың автомобиль жолдарына 111 тексеру жүргізді, олар бойынша тиісті нұсқамалар берілді, бұл ретте 623 шақырым жол қамтылып, 327 ақаулықтар анықталды», - деді Рахымберді Дулатұлы.
Жол инфрақұрылымын жақсарту, өткізу қабілетін арттыру және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға 4 ақпарат жолданған екен.
[xfvalue_img]